Билік

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы өзгерістер

 

 

Ағымдағы жылдың көктемінен бастап халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Мұнда болашақта WI-FI интернетін қосу жоспарланған. Ал «электронды үкімет» бұрыштары орнатылып қойылыпты.

Иван Козак, халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығының орынбасары:
-Электронды сандық қолтаңбасы бар азаматтар электронды түрде орталықтың қызметіне жүгінуіне болады. Қолтаңбаны заңды және жеке тұлғалар ала алады.

Терминалды қолданатындардың саны аз емес. Солардың бірі Думан Сарыбаев

Думан Сарыбаев:
Мен жуырда электронды қолтаңбаға ие болдым. Енді мемлекеттік қызметке жүгіне аламын. Маған анықтама алу керек. Сол үшін осында келдім.

2-ші деңгейдегі банктерде халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдіктері  ашылды. Әзірге орталық өкілдері Цеснабанк, ЦентрКредитБанкі және Халық банктерінде жұмыс істейді.

 Иван Козак,  халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығының орынбасары:
-Бұл азаматтар біздің мекемеге келмей-ақ сол банкте қажетті құжаттарды ала алады.
Сол жерде мүлікті тіркеп, электронды анықтама алуға бар жағдай жасалған. Осы өзгеріс банк қызметкерлеріне де, тұрғындарға да қолайлы жағдай туғызды.  

Қыркүйек айынан бастап қабылдау терезелері алынады. Бұл – халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септеседі, дейді орталық қызметкерлері. Жағымды жаңалық жерлестерімізді де қуантты

 –Менің ойымша бұл тұрғындарға ыңғайлы болады. Астындағыдай ұзын кезек тұрмайды, сонымен бірге белгілі бір құжатты алуда жеңілдіктер болатын сияқты.
Әрине қолайлы. Бұл көкейдегі сауалдарды қойып, еркін сөйлесуге жол ашады.

Енді қала тұрғындары ұзын-сонар кезекте тұрмас үшін телефон арқылы хабарласып, өзіне ыңғайлы уақытта келе алады.

 Айдана Демесінова