Қоғам

“Ел рәміздерін құрметтейік” тақырыбындағы дөңгелек үстел

Жастардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу қай кезеңде болмасын аға ұрпақтың алдындағы басты міндеттің бірі. Тек қоғам ағымына сай тәрбиенің де тетігі өзгереді.

 

Бүгінгі Қазақстанның патриоттары, жастардың ойынша, алдымен елінің туы, елтаңбасы мен әнұранын құрметтей білуі тиіс.

Рүстем Есенбергенов, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
арлығымыз айтамыз патриоттық сезімді арттыру керек деп. Бірақ неден бастарымызды білмейміз. Осындай дөңгелек үстелден бастап үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз. Кейін флешмобтармен жалғастырамыз.

Бүгінде облыстың білім ошақтарында 126 мыңнан астам жас ұрпақ білім мен тәрбие алып жатыр. Олар әр аптаның сабақтарын әнұраннан бастап, сынып сағаттарында рәміздермен кеңінен танысады. Сондай-ақ қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, білімдерін шыңдайды. Осының бәрі патриоттық сезімді қалыптастырудың тетігі.

Шолпан Қаринова, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
рбір білім мекемесі басшыларының кабинеттерінде мемлекеттік рәміздер бұрышы тұрады. Мектептегі салтанаттар гимннен басталады.Бұл патриоттық тәрбие берудегі үлкен жұмыс. Одан басқа, облыста “Жан достар” қоғамдық бірлестігі бар. Олар әр түрлі бағытта жұмыс атқарады.

Биыл еліміз тәуелсіздігін алғанына 20 жыл болады. Солай бола тұрса да  мемлекеттік нышандарды жөнді білмейтін азаматтар да кездеседі, бүгінгі үстел басына жиналғандар түрлі акция, дөңгелек үстел, флеш-мобтар арқылы бұл мәселенің де шешімін табамыз деп отыр.

 Кәусар Аяпбергенқызы