Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасының қалпына келтіру бөлімшесіне бірегей жабдық алынбақшы

 

Целиноград мемлекеттік медицина институтының түлегі Ирина Тищенконың өмірін бүлдіршіндерді емдеуге арнағанына 25 жылдай болған. Ол мамандықтың қиыншылықтарына қарамастан осы саланы таңдағаныма еш өкінген емеспін дейді.

Ирина Тищенко, облыстық балалар ауруханасының сауықтыру бөлімшесінің меңгерушісі:
90-шы жылдар біз үшін өте қиын кезең болды. Медицина саласына қаражат аз бөлінгендіктен толыққанды емдеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес еді. Қазір жағдайымыз мүлдем өзгерді.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі денсаулық сақтау саласында түбегейлі өзгерістер болғаны анық. Мамандардың біліктілігін арттырып, аурухананы керек-жарағымен қамтамасыз ету басты назарда.

Ирина Тищенко, облыстық балалар ауруханасының сауықтыру бөлімшесінің меңгерушісі:
-2010 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 3,2%-ға өсті. Бұл бізге шет елдердегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасуымызға жол ашты.
Көрген-білгенімізде елімізде қолдануға барынша тырысудамыз.  

Сенсорлық бөлме, құрғақ бассейн мен жұмсақ ойыншықтар кабинеті. Бұлардың бәрі балалардың сауығуына демеу болады. Соның арқасында бөлімше қызметкерлері жылына 3000-ға жуық бүлдіршінді қабылдап үлгереді.

Біз бұл орталыққа жүгінгелі 5 жылдың жүзі болды. Мамандар диагнозымызды анықтап, жақсы ем жасап жатыр. Логопед, дефектолог мамандар бірлесіп баланың денсаулығының жақсаруына үлестерін қосып жатыр.
– Бұл біздің 3- емдеу курсымыз.
Баламның бір сырқаттан айығуына мамандар көп көмектесті. Енді екіншісін де толықтай емдеп шығамыз деп сенемін.

Жуырда  бөлімшеде денелері жиі құрысатын балаларды бейнеге түсіру арқылы емдеу бөлмесі ашылмақ. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 3 млн теңге көлемінде қаражат бөлініпті.

 
 Инеш Шоқақова