МТРА жаңалықтары

Егін зиянкестеріне қарсы күрес

  

 

 

 

Ағымдағы жыл жергілікті диқандар үшін өнімді болатын көрінеді. Өйткені облыстың егіс алқаптарында зиянкестермен күрес қызу жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін егіс алқабының 1 млн 650 мың гектары тексерілді. Зерттеу жұмыстары барысында мамандар маусымның 4-і егістікке аса қауіпті септориоз ауруын анықтап, оны бірден жоюға кірісті. Ылғалды жерде пайда болатын зиянкестің саны биыл жауын салдарынан артқан екен

Жұманғали Қожахметов, “Республикалық фитосанитариялық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы” ММ СҚОФ директоры
 – 1млн174-і нде септориоз қаупі бар екен. Тат  көрінбейді. Соның 750 мыңы қауіпті жағдай. Химиялық өңдеу жасау керек. Соны енді жасап жатыр. Жартысын бітірдік, осы 3-4 күнде қалған жартысын бітіреді деп ойлаймыз. Оны жасауға 12 самолет, дельтоплан келді. Бәрі дайын. Жұмысы бітеді деп ойлаймын.

Егіннің өсуіне кедергі жасайтын тағы бір зиянкес – арамшөп. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл бұл астық жауларының саны анағұрлым көбейген. Дегенмен мамандар оның толық дерлік құртыпты. Алдағы уақытта егін өнімділігіне бидайдың сұр көбелегі де зиянын тигізуі мүмкін дейді Жұманғали Қожахметов. Сондықтан да фитосанитарлар осы төңіректе зерттеулерін жүргізуде. Алдын алу шаралары үшін қажетті дәрі-дәрмектерді де дайындап қойыпты.

Жұманғали Қожахметов, “Республикалық фитосанитариялық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы” ММ СҚОФ директоры
-Бидайдың сұр көбелегі бар. Оны біз бақылап жүрміз. Қашан шығады, зияны қандай болады деп. Сосын септориоздан басқа бидайдың бурыл таты, оның споралары келуі мүмкін желмен, ауамен  Ресежен,  сосын Батыс Қазақстаннан келуі мүмкін. Соны да біз байқап жүрміз.

Егіннің өнімді болуына топырақтың түрі, климаттық және биотикалық факторлар әсер етеді екен. Жауын-шашын көп болған жылы егістікке төнетін қауіп те жоғарылайды.

Айдана Демесінова