Әр түрлі

Бостандыққа шыққандарды еңбекпен қамту

 

 

 

Бүгінде талай уақытты түзету орындарында өткізгендерге алдымен жұмыс тауып беруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бостандыққа шыққандарды сырттағы өмірге бейімдеу керек. Бұл үшін облыстық әкімдікте өңірдегі кәсіпорындардан 1 пайыздық жұмыс орындарын бөлу туралы қаулы шыққан. Бірақ бостандықта жұмыс істеуге құлшыныс танытқандардың қатары әлі де аз.

Галина Кромина, СҚО еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:

-Үстіміздегі жылы бостандыққа шаққан 154 адам тіркелген. Олардың 78-і ғана бізге келді. 62-сі өздері жұмыс тауыпты. Ал біз 31 азаматты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Еңбекпен қамту органдары облыстық ішкі істер департаментінің көмегімен түзету орындарынан босағандар тізімін жасайды. Шақырту хаттарын жөнелтеді. Құжат ресімдеуде көмек көрсетеді.

Галина Кромина, СҚО еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:

– Түзету орындарынан шыққандардың көпшілігінің білімдері жоқ. Біз оларды мамандық игеру және қайта даярлау курстарына шақырамыз. Бірақ олардың екеуі ғана осы курста білім алып, электромонтер мамандығын алып шықты. Ал қалғандары аса құлшыныс білдірмеді.

Облыс кәсіпорындарында механизаторлар мен дәнекерлеуші, құрылысшы, аспаздарға деген сұраныс бар. Ең бастысы жұмыс істеймін деген ниет керек.

Әсем Рахметова