Салық басқармасы

Салық қызметінің құрылғанына 20 жыл

   
 

 

 

Салық органы тәуелсіз елімізбен бірге жасасып келеді. Бұл қызмет ел экономикасының дамуына айтарлықтай  үлес қоса отырып, талай жаңаруды да бастан кешті. Бүгінде ел қазынасын төлемдермен уақтылы толықтырып отырған фискалды органның мамандары құрметке лайық. Мереке иелерінің қуанышына облыс әкімі ортақтасты.

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
ҚР тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде экономикасы дамыған ел ретінде әлемге танылды. Бұған сіздердің қосқан үлестеріңіз зор.

СҚО-ның салық департаментінде талай жыл жемісті еңбек етіп, жуырда ғана облыстық қаржы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалған Ескен Әкімжанов ҚР Премьер-Министрінің алғысын алды. Ал оның бірқатар әріптестері өңір басшысының марапаты мен алғыс хатына ие болды. Бүгінгі күні Петропавл қаласында 14, аудан орталықтарында 13 салық басқармасы қызмет жасайды. Биылғы жылы облыс қазынасына  20 млрд теңге құйылыпты. Салтанатты жиында еңбегі жанған бірталай маманға «Салық қызметінің үздігі » атағы бұйырды. Солардың бірі Аққайың ауданы бойынша салық басқармасының бастығы Марат Тоқышев.

Марат Тоқышев, Аққайың ауданы бойынша салық басқармасының бастығы:
-Біздің жұмысымыз әрқашан бағалана берсін. Бүгін марапатталған әріптестерім үшін қуаныштымын. Келешекте үлкен табысқа жетеміз деп ойлаймын.

Заманауи қызмет талаптарын мүлтіксіз орындап жүрген қатардағы қызметкерлерге үлгі болар еңбек ардагерлері де бұл жиында ұмыт қалмады. Зияда Бекназарова аталған орган құралған кезінен бастап 2004 жылға дейін ерінбей еңбек етіпті.

Зияда Бекназарова, салық қызметінің ардагері:
– Әріптестер, мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

Салық мамандарының құрметіне жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт ұсынды.
 
Кәусар Аяпбергенқызы