Энергетика

Жылу жүйесі жаңартылып жатыр

 

 

18 мамыр күні соғып кеткен кранның кесірінен   Бензострой ауданы ыстық сусыз қалған болатын. Ұзындығы 220 метр, диаметрі 600 мм құбыр Бензостройдан бөлек, Жұмысшы поселкесін, вокзал мен сол маңдағы өндіріс аумағын жылумен қамтиды. Оны қалпына келтіру үшін кәсіпорынға 17,5 млн теңге қажет.  Биыл қаланың әр ауданында орналасқан    1 220 метр құбыр күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Негізгі жұмыстар жаз басынан бері жүріп жатыр. Мұның бәріне шамамен 25, 8 млн теңге қажет. Қаржы табудың бір көзі – тарифтерді өсіру. Жылу бағасы өткен жылдың 1 қазанынан қымбаттағанмен оның да септігі шамалы болған көрінеді.

 Андрей Калиничев,  «Петропавл жылу желілері» ДШС директоры:
– Петропавлдағы жылыту жүйесін жаңарту үшін біз Европа  қайта құру және даму банкімен 5 жылдық келісім-шартқа отырып, 2,4 млрд көлемінде қаражат алдық. Ол ақша 5 үлкен жобаны іске асыруға жұмсалады. Тек оның өзі барлық ескірген құбырларды ауыстыру үшін жеткіліксіз.

Қолдағы барлық қаражаттың  60 пайызы магистральды және желілік құбырларды ауыстыруға жұмсалады. Оның негізгілері қала орталығында орналасқан. Шілденің 18-нен бастап “Сокол” дүкені маңындағы құбырды жаңарту жұмысы басталады.

Андрей Калиничев,  «Петропавл жылу желілері» ДШС директоры:
л аудандағы 1700 метр құбыр алмастырылады. Бұл мәселе бойынша шілденің 17 күні, сағат кешкі 7-де біз тұрғындармен кездесіп, мән-жайды түсіндірмекпіз. Өйткені ол маң техника үшін қолайсыз. Уақытша ыстық суды да тоқтатуға тура келеді. Сондықтан халықтың бұған түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Кәусар Аяпбергенқызы