Қоғам

Үздік мейрамхана



 

“Петропавлдың үздік мейрамханасы” байқауы 2-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Биыл бұл сынға қатысушылардың саны артыпты. Өткен жылы 13 мекеме бақ сынаса, биыл олардың саны 22-ге жеткен.

Сайран Хамзин, “СҚО мейрамханашылар мен отельшілер қауымдастығы” ҚБ төрағасы:
– Үздік мейрамхананы анықтап, қала тұрғындары мен қонақтарына жариялағымыз келді. Сайыс ойын-сауық орталықтары қызметінің деңгейін біршама арттырды  

Сайыс 2 кезеңде өтті. Алғашқысында қатысушылардың қызметін халық бағаласа, келесісінде сайыскерлердің тағдыры қазылар алқасының қолында болды.

 Савелий Пионткевич, қазылар алқасының мүшесі:
-Қатысушы мейрамханалардың  безендірілуін, қызметкерлерінің жұмысын, тағамдарының дәмін бағаладық. Халықаралық стандартқа сай деп айта алмаймын, десек те жақын арада сол деңгейге де жетеміз.

“Алтын адам” мейрамханасы осы талаптардың барлығына жауап беріп, бас жүлдеге лайық деп табылды. Мекеме 80-нен астам азаматқа қызмет көрсете алады. Ашылғанына бір жылдан енді асса да, тұтынушылардың сүйікті орнына айналған.  

Вячеслав Адамов, “Алтын адам” мейрамхана кешенінің директоры:
-Биылғы жылы күтпеген жағдайда “Петропавлдың үздік мейрамханасы” байқауында жеңіске жеттік. Әрине, осындай биік белестерді бағындыруымыз – ұжымдық еңбектің жемісі.Бұл клиенттерімізге қызмет көрсету деңгейін көтереді деп сенемін.  

Мамырдың 6-сы “Алтын адам” мейрамханасының жанынан “Пещера” түнгі клубы ашылды. Бұл мекеме де 2 аталымда жеңіске жетті. Клуб интерьерімен өзгелерден ерекшеленеді. Іші атына сай үңгірге ұқсатып безендірілген. 120 адамға шақталған “Пещера” клубының даңқы қаламызда асқақтады.
Жарысқа қатысқан әрбір мекеме дипломдарға ие болды.

Айдана Демесінова