Энергетика

Тұрғындар жазда жылу ақысын төлеп жатыр

Шілденің бірінен облыс сорталығының жылу энергиясын пайдаланушы абоненттерінің барлығына қайта есептелген түбіртектер таратылды. Түбіртектегі ақпар бойынша өткен жылғы қазанның бірінен жылу энергиясының бағасы өсіпті. Жылумен қамтамасыз ететін компания өздерінің тарифті көтеру туралы ұсыныстарын биыл сот арқылы дәлелдеген көрінеді.

Еділ Көпенов, «Солтүстік Қазақстан энергия орталығы» ЖШС директоры:

2010 жылдан енгізілетін тарифқа шыққанбыз. Ол тарифті бізге антимонопольный комитет берген жоқ. Содан жарты жылда сот болып, соның шешімімен департамент бекітті.

Сонымен өткен жылғы қазанның бірінен жылу бағасы шаршы метрге 8,71 теңгеге, жылы судың текше метріне 14,51 теңгеге, ал адам басына 46,46 өскен. Осы айырмашылықты жылыту маусымына көбейтсеңіз,  түбіртектегі сома шыға келеді.

 

Еділ Көпенов, «Солтүстік Қазақстан энергия орталығы» ЖШС директоры:

-Тұтынушыларға жеңілдік жасадық. Дәл қазір төле деп жатқанымыз жоқ. Маусым басталғанша. Қайта есептелген сомаға сотқа бермейміз. Өсім есептелмейді.

Қарыздың аты қарыз, жылыту маусымы өткен соң есептелсе де. Ендеше, төлеп құтылған жөн. Түбіртек алған тұтынушылар тарифтегі айырмашылықты өтеп жатыр.

-Мен коммерциялық кәсіпорынның өкілімін. Қосымша төлем жасауымыз керек. Жаңа маусым басталғанша төлеуге болады екен. Жөндеу жұмыстарына қаржы керек екендігін білеміз. Дегенмен, тарифтің жылыту маусымы кезінде өскенінің өзі дұрыс.

-Түбіртекті алған бойда төлеуге келдім. Үнемі алдын-ала төлем жасағанды құп санаймын.
-Зейнеткерлер өте ұқыпты, тәртіпті халық қой. Қосымша қаржы есептеген екен , әрине, төлейміз.

Сонымен тарифтегі айырмашылық бойынша абоненттердің қарызы 316 миллион 800 мың теңгені құраған. Жеке тұлғалардың қарызы 201 миллион теңге.

Әсем Рахметова