Көлік және жолдар

Петропавлда жолаушылар тасымалдау тарифі өседі

 

 

 

 

“МАП СК” ЖШС-де үш жыл бұрын 240 адам еңбек істепті. Жұмыс ауыр, еңбекақы аз. Сондықтан олардың қатары 90-ға дейін қысқарған. Жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорын бүгінгі тариф біздің қажеттілігімізді қамтамасыз етпейді дейді. Сондықтан болар парктің тұрағында қаңтарылып қалған көліктердің қатары артқан. Сайман қымбаттады, кейбірінде доңғалақ жоқ.

Вячеслав Волохин, “МАП СК” ЖШС директоры:
-Доңғалақтың бағасы қазір 50 мың теңге болды. Үш жыл бұрын біз оны 20-27 мың теңгеге алатынбыз. Қосалқы бөлшектердің де құны шарықтап кетті. Міне жаз болса аяқталуға жақын, ал біз әлі қысқа дайындалған жоқпыз.  

Қабиболла Данияровтың бұл кәсіпорындағы еңбек өтілі 6 жыл. Жүргізуші көлігі бұзылса, қарап отырмайды, мүмкіндігі болса жөндеп те алады. Бірақ еңбекақы аз, бала-шағаның қамы деп әйтеуір шыдап жүрмін дейді ол. Тасымалдаушыларды алаңдатқан тағы бір өзекті мәселе автобустың рөліне отыратын адамның жоқтығы. 24 бағыттық мына автобус жаңадан алынған. Бірақ оның жүргізушісі жұмыстан шығап кетіпті. Халықтың сұранысына ие 24 бағыттың үш автобусы шілденің 14-і  жолаушылар тасымалымен айналысуға шықты. Бесеуі бұзылып қалған. Оларды қалпына келтіру үшін қаражат қажет. Тасымалдаушы кәсіпорынның басшысы егер тариф 50 теңге болса, коммуналдық қызметке жиналып қалған қарызды төлеп, жағдаймызды аз да болса түзер едік дейді. Жалпы Петропавлда соңғы рет жолаушыларды тасымалдау тарифі 2007 жылы өзгерген.

 
Дана Ғизатова