Қоғам

«Махаббат пен сенім үшін»

 

Ресей ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі жетекшісінің орынбасары Чылгычы Ондарға көрші елдегі отбасы, махаббат және сенім күніне арналған мерекелік медальдарды тапсыру жүктеліпті.  Үлгілі отбасын таңдау кезінде 25 жылдан артық тату шаңырақтың отын маздатып отырған жұптарға ерекше көңіл бөлініпті.

 Чылгычы Ондар, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық ұйымы өкілдігі жетекшісінің орынбасары:

-Отбасы , махаббат пен сенім күні Ресейде 2008 жылғы шілденің сегізінен бері мерекеленеді. «Махаббат мен сенім» үшін медалін қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша іріктелген жұптарға тапсырамыз.

63 жылдық отбасылық өмірден кейін Андрей мен Анна Плешаковтардың жастарға айтары мол. Екі бірдей соғысты көрген ардагер Андрей Иванович кейін еліміздің ішкі істер саласында 35 жыл еңбек етті. Анна Даниловна отбасының ұйытқысы, бала-шағаның ақылшысы бола білді.

Андрей Плешаков, ҰОС ардагері:

– Соғыста да міндетті түрде тыл жағы берік болуы керек қой. Егер жарың жайсыз болса, жұмыс істеу, жақсы жетістіктерге жету қиын.

Анна Плешакова, зейнеткер:

-Жолдасымның жұмысы ауыр болды. Іссапарларда жүреді, ерте кетіп, кеш келеді. Осындайда балаларыммен күтіп отыратынмын. Тіпті жұмыс кабинетін де әктеп беретінмін.

Бұл отбасы төрт ұлды өсіріп жеткізді, 7 немере, 5 шөбере көріп отыр. 36 жыл бақытты өмір кешіп жатқан облыстағы орыс қауымдастығының төрағасы Виктор Сайконың да отбасы сенім мен ізгіліктің үлгісін көрсете білді.

Виктор Сайко, СҚО орыс қауымдастығының төрағасы:

– Мен оқу қудым. Еңбектегі, қоғамдық өмірдегі, спорттағы биіктеріме әйелімнің арқасында жеттім.

Марапаттау рәсіміне мәуелі ағаштай болған отбасылардың ұрпақтары – балалар мен немере -шөберелер жиналды.
Әсем Рахметова