Әр түрлі

Атыраулық жылу үнемдеу жобасы таныстырылды

 

 

 

«Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауыты еуропалық үлгіде су және газ құбырларын шығаратын Қазақстандағы ең алғашқы ірі жоба екен. Өндіріс қуаттылығы 15 мың тонна. Барша Қазақстанға танымал кәсіпорынның диаметрі 25-тен 1200 мм дейінгі сапалы өнімі жақын шетелдерде де сұранысқа ие.

Қадырхан Райымбеков, Атырау полиэтилен құбырлар зауытының менеджері:
– Біздің өнімді Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейге шығарамыз. 90 пайызы өзіміздің Қазақстанға. Осы облысқа 8 жыл ішінде өзіміздің өнімді келтіріп жатырмыз. Енді біздің   осындай сапалы құбырларды көбірек әкелсек деген ойымыз бар.  

Енді зауыт өңірімізге жаңа жоба ұсынып отыр. Биыл 12-ден 40 мм-ге дейінгі барметалл-пластик құбырлар шығаратын заңа зауыт ісін бастап кетіпті. Басты ерекшелігі – аса иілгіш, кез-келген құрылысқа жарай береді екен. Құрастырушылардың айтуынша, халықаралық талаптарға жауап беретін бұл құбыр түрі жұмсақ болғанымен солтүстіктің қатал суығы мен 95 градустық ыстыққа да төзетін көрінеді.

Қадырхан Райымбеков, Атырау полиэтилен құбырлар зауытының менеджері:
 –  Жаңа жобамыз биылғы металл-пластик құбырлар. Ол ыстық су мен үй жылытатын жүйелерде қолданылады. Бұл Қазақстандағы ең бірінші зауыт сондықтан Солтүстік Қазақстан осындай сапалы құбырлармен қамтылады деп ойлаймын.  

Германия мен Швециядан жеткізілетін шикізаттан құйылатын заманауи құбырдың 5 бірдей қорғаныш қабаты бар. Бұл жылуды өзгелеріне қарағанда 30 пайызға дейін артық үнемдеуге септеседі және 50 жыл бойы жөндеуді талап етпейді екен. Жиналғандарды ұсынылған жоғары сапалы өнім қызықтырмай қоймады.

Аманжол Нұрбаев, “Есіл су” РМК бас маманы:
– Біз атыраулық зауыттың өнімімен жақсы таныспыз. 2005 жылы Сергеев су қоймасының 8 мың шақырымдық су торабын осы зауыттың құбырларымен тарттық. Сапасы өте жақсы, әзірге сыр беріп көрген емес. Бағасы да өзгелерден қымбат емес. Бүгінгі жаңашылдықтары да өте қызықтырды. Әсіресе біздің кәсіпорынға өте тиімді.
 

Атыраулық меймандар бұнымен тоқталмай, келесі жылы бұрандалары бірге шығарылатын арматуралы құбырлар зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.

 Жеңіс Ермұқанов