Мәдениет

Ғаламтордағы жаңа компьютерлік ойын

Ойынның мазмұны дәптердің 1 парағына сыйып кетеді екен. Негізінен ол қалалар көрінісі, жануарлар әлемі және әр аймақтың ерекшелігіне сай сан түрлі кедергілер. Бір жерінде өзен-көлдері бар, ал кей аймақты сексеуіл мен сағым торлаған. Осы ғажайып көріністің бәрі не бары  20 минутта туыпты, ал оны жасап шығару үшін айлар кеткен. Бәрінен де жануарлардың дизайнын жасау қиынға түсіпті. Кейде ондатрлары аюға, ал кірпілері түрпіге ұқсап кетеді екен.

Денис Козуб,  ойын құрастырушы:
-Менің жұмысым негізінен графикалық дизайн, аймақтың кескінін салу және сол аймақты мекендейтін аңдарды жасау. Оларды мен өз ойымнан сала алмаушы едім. Сондықтан шетелдік құрастырушылардың суреттерін қолдандым.

Денис Козуб,  ойын құрастырушы:
-Менің жұмысым негізінен графикалық дизайн, аймақтың кескінін салу және сол аймақты мекендейтін аңдарды жасау. Оларды мен өз ойымнан сала алмаушы едім. Сондықтан шетелдік құрастырушылардың суреттерін қолдандым.

Бұл ойынның қазіргі кезде ғаламторда қаптаған басқаларынан айырмашылығы – ол еш қантөгіссіз, бейбіт ойын. Тіпті жолдағы аңдарды басып кетсең, қоян да, жылқы да жылап қоюы мүмкін. Сондықтан басты кейіпкер Қазақстанды аралап жүргенде, жан-жағына мұқият болуы тиіс. Сондай-ақ теңге, ұпай жинап, елдің тарихы мен көрнекіліктерін аралау қажет. Бастапқыда жиһангез кейпінде Алдар көсе болған, бірақ оның тым айлакерлігі ескеріліп, ауыстырылыпты.

Антон Мироедов, ойын құрастырушы:  
Алдар Көсе әуелде есекпен ел кезіп, кейін жылқыға көше алатын. Атын қажет болса, сойып алатындай етіп те жасадық. Яғни, мұның да көп нұсқасы болды. Бірақ соңынан ол кейіпкеріміз ұнамай қалды.  

Ойынның негізгі ережесі түрлі кедергілерді бағындырып отыру. Әр кезең барысында Қазақстан туралы мәліметтер айтылып отырады. Жергілікті ғаламтор жылдамдығын ескере отырып, құрастырушылар ойын көлемін 5 мегабайтқа сыйғызыпты. Өйтпегенде бұл жігіт қалада тым көп бөгеліп қалады екен.

Антон Мироедов,  ойын құрастырушы:
Ойын толығымен векторлы графикпен жасалды. Сондықтан оның көлемі аз. Бірақ аз болған сайын оны құрастыру да күрделене береді.

Әзірге құрастырушылар ойынның тек 7 деңгейін жасап үлгеріпті. 1 сағат ішінде турист 5 шақырымдай жерді жүріп өте алады. Ойынға әлі қосымша локациялар да қосуға болады. Тек ол үшін демеушілер қажет. Егер жоба авторларын қолдаушылар табылып жатса, шетелдік қонақтар Қазақстанды бұдан да кеңірек тамашалай алатын көрінеді.

Кәусар Аяпбергенқызы