Спорт

Жерлестеріміз әлем кубогынан жүлделі оралды

Жарыс әлемнің 124 мықты спортшысының басын қосты. Олар салмақ дәрежесіне қарай 6 топқа іріктеліп сынға түсті. Қазақстанның каратешілері барлық топта бақтарын сынаған. Өңіріміздің намысын 7 жерлесіміз қорғады. Дүбірлі дода олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Яғни жеңілгендер жүлделі орын үшін күресін әрі қарай жалғастыру мүмкіндігін жоғалтып отырды.

Владимир Витченко, Қазақстан кекушинкай карате ұйымының СҚОФ директоры:
-Балалар жақсы жаттықты. Астана, Алматы қалаларында дайындықтар болды. Біздің спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. Негізгі қарсыласымыз Жапон және Ресей құрамалары болды.  

Виктория Маркелова халықаралық деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысыпты. Алайда туған жердің намысын абыроймен қорғап шықты. Тәжірибесінің молдығынан Жапон елі спортшысының күші жерлесімізден басымырақ болыпты. Нәтижесінде 21 жастағы бойжеткен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Виктория Маркелова, халықаралық жарыс жүлдегері:
– ҚР ұлттық құрамасына енгеніме қуаныштымын. Әлем кубогында 3-орынға ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Румыния, Жапония және Қазақстанның каратешілерімен кездестім. Жапондық спортшы мықты болды. Өйткені ол кішкентай кезінен каратемен айналысады. Ал менің спорттың бұл түрімен шұғылданып жүргеніме 6 жыл ғана болды.

Жалпыкомандалық есепте 6 алқаны иемденген жапондық каратешілер жеңіске жетті. Қоржынын 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен толықтырған қазақстандықтар 2-ші орында орнықты. Ал Ресей құрамасы үздік үштікті тұйықтады.Енді жерлестеріміз келесі жылы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуға қызу кірісті.

Айдана Демесінова