Әр түрлі

Петропавлға христиандар әулиесінің сүйегі әкелінді

 

 

Тіпті бұл тарихи оқиғаның куәгері болу үшін Ресейден шекара асып келген  жандар  да аз болмады. Шіркеудің дәл ортасында әулие Николайдың иконасы жайғасқан залда барлығы бірге құдайға сыйынып, игі тілектерін айтып, жақындарына жақсылық сұрады. Николай -Чудотворец 3-ші ғасырда Кіші Азияда дүниеге келген делінеді. Өмірін христиан дінін насихаттауға арнапты. Бар жиған-тергенін мұқтаж жандарға таратып отырған қайырымды жанды христиан дінін ұстанушылар бүгінге дейін пір тұтады. Петропавл шіркеуінде православтықтар әулиенің  сүйегіне 2 күн бойы тәу ете алады.  

протоиерей Сергий:
– Әулие Николайдың сүйегін ұстаған адамның жаны тазарып, ерекше бір қуатқа бөленеді.
Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан бүгін мыңдаған христиан дінін ұстанушы таңғы сағат төрттен қалың кезекте тұр.

Жеңіс Ермұқанов