Мәдениет

«Қарлығаштың» жеңісі


 

Теміржол  бойында жеңімпаздардың ата-аналары мен туған-туысқандары жиылды. Бұл азаматтар балаларын алғаш рет алыс сапардан күтіп тұрған жоқ. Биші балдырғандар Украинада өткен жарысқа осымен 3-ші рет қатысыпты. Әрдайым өздерінің хореографиялық шеберлігімен таң қалдырып отырады.

Галина Жумалиева, «Қарлығаш» би ансамблінің көркемдік жетекшісі:
Биылғы жылы Ялта қаласында 11-ші фестиваль ұйымдастырылды. Оған Украина, Ресей, Эстония, Белоруссия және Қазақстанның өнерлілері қатысты. Сайысқа қазақтың “Шабандоз қыздар”, башқұрттың “Жас жүректер”, еврейдің “Перрах”, орыстың “Душечка” билерін әзірлеген болатынбыз.

Халықаралық байқау 400 өнерлі балдырғанның басын қосты. Олардың шеберліктері 2 кезеңде сарапқа салынды. Құрамында 24 өнерлі жеткіншегі бар «Қарлығаш» қазылар алқасына 5 түрлі ұлттың биін ұсыныпты. Нәтижесінде 1-ші және 2-орынды иеленді.
Әлия Қойшинаның «Қарлығаш» би ансамблінде өнер көрсетіп жүргеніне 4 жыл болыпты. 9 жасар қыз осы уақыт аралығында биік белестерді бағындырып жүргеніне дән риза

Әлия Қойшина,  «Қарлығаш» би ансамблінің мүшесі:
Біздің башқұрт биі финалға шықты. Біз көп дайындалдық. Осы дайындықтың арқасында біз жеңіске жеттік.

Жерлестеріміздің орындауындағы башқұрт халқының “Жас жүректер” атты биі украиналық азаматтарға ерекше ұнап, «көрермендер көзайымына» айналды.

Айдана Демесінова