Бизнес және экономика

Кәсіпкерлер сапа байқауына әзірленуде

 

 
 

 

 

Өзге аймақтармен салыстырғанда “Алтын сапа” және “Қазақстанның ең үздік тауары” байқауларына қатысуға ниет білдіруші солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың саны аз. Жиында өңіріміздегі ірі кәсіпорындардың халықаралық талаптарға сай, сапалы өнім шығаруға мүмкіндігі бар екендігі сөз болды.

Бейбіт Әбілев, ҚР техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО департаментінің бөлім бастығы:
– Кездесудің басты мақсаты – осы конкурсты насихаттау. Біздің өңірден көбірек кәсіпкерлер, кәсіпорындар қатысу үшін. Тауарлардың сапасына көптен-көп көңіл бөлінеді.

“Алтын сапа” байқауына нарыққа 3 жылдан астам өз өнімін шығаратын заңды тұлғалар қатыса алады. Байқау 4 кезеңде өтпек. Негізінен биылғы жылы конкурстың талаптарына айтарлықтар өзгерістер енгізілмеген. Тек бір ерекшелігі “Алтын сапа” және “Қазақстанның ең үздік тауары” байқаулары тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылмақ.

Арман Өтегенов, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары:
– Қазіргі уақытқа дейін “Қазақстанның ең үздік тауары” байқауына қатысуға 53 азамат ниет білдірді. Конкурс 3 номинация бойынша өтеді. Біз шілденің соңына қарай тауарлар көрмесін ұйымдастырмақпыз.
Әлі де кәсіпорындардың байқауға қатысуға мүмкіндігі бар.

Жиын соңында 2010 жылы “Алтын сапа” және “Қазақстанның ең үздік тауары” байқауларында белсенділік танытқан Петропавл құрылыс материалдары, ауыр машина жасау, Киров атындағы зауыттар мен жеке кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

 Инеш Шоқақова