ТКШ

Қарағандылық жоба таныстырылды

 

 

 

Бұл жоба Қарағанды қаласында сыналды. Енді кезек Петропавлға жетті. Жобаны жасаушылар үй жылуын сақтайтын қаптаманың артықшылықтары мол екенін айтып отыр. Жалпы шахтерлар қаласы жылу үнемдейтін құрал-жабдықтар шығарумен өздері айналысады. Ол өнертабыс жылуды 40 пайызға дейін үнемдеуге септеседі екен. Бұл бірінші,  халықтың коммуналдық қызметті өтеуіне үлкен жеңілдік әпермек. Қарағандылықтар оны тәжірибе  жүзінде сынап та көрді. Жақында көппәтерлі бір үйге сондай жөндеу жүргізіліпті.

 

Дінмұхаммед Испаев, «Шебер»  ЖШС заңгерлік департаментінің директоры:
– Бүгінгі күні біздің тұрғын үйлердің тозығы жеткен. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Мен мұнда Қарағандыда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыруға келдім. Біз өз жобамызды Мұстафин көшесіндегі 26-шы үйде жүзеге асырып көрдік.

Қала тұрғындарын бағдарламаға қатыстыру үшін үгіт шаралары қажет. Осы тұста қарағандылықтар халықпен кездесіп, жаңа жобаның артықшылықтарын кеңінен насихаттау керек дейді. Біздің облыста ауқымды жоба шілденің соңына қарай жүзеге аспақ. Бірінші болып Мир көшесінде орналасқан 130-шы үйдің қас беті қапталмақ.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Бізге жұмысты тезірек бастау қажет.
“Мир 130-шы үй” және “Березка” жеке пәтер иелері кооперативі бар ма? Керек құжаттарды тезірек әзірлеңдер. Кейін тағы қандай нүктелерде осы жобаны жүзеге асыратынымызды белгілеңдер.

Егер тың жоба өзінің өміршеңдігін көрсетсе, басқа да баспаналар осындай жөндеуден өтеді.
Гүлден Сәрсенбаева