Әр түрлі

Жұмысшы поселкесіндегі той

  

 

 

 

 

Жұмысшы поселкесінің тұрғындары әр мерекені жоғары деңгейде атап өтуге тырысады. Көрші-қолаң бас алаңға жиналып төс түйістіреді, ізгі-тілектерін жолдайды. Барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы Астана мен қала күні де ерекше концертпен ашылды. Жергілікті жұлдыздар өздерінің ең үздік туындыларын  сыйға тартты. Еліміздің бас қаласы туралы әнді естіген халық орындарында тыным тауып тұра алмады. Кеуделерін қуаныш кернегені сонша, ортаға шығып биге басты. Жұмысшы поселкесі тұрғындары үш мерекені қатар атап өтуде. Шілденің 6-сы «Петропавл-Алматы» сауда орталығының ашылған күні.

Бахтияр Абдуллаев , «Петропавл-Алматы» сауда кешенінің директоры:
– Мен баршаңызды Астана және қала күнімен құттықтаймын. Тек қана жақсылық тілеймін. Бүгін біз үшін аса маңызды күн. “Петропавл-Алматы” сауда орталығына биыл 2 жыл толып отыр. Бізде сатылатын тауарлардың құны арзан. Сапасы да жақсы.

Әсем әндерден соң  кезек спортшылар тиді. Жас дзюдошылар жұртшылық алдында өздерінің мүмкіндіктерін сынады. Нәтиже жаман болмады. 10 ұпайдан жинаған 5 сайыскер жеңімпаз атанып, қала әкімінің қолынан ұялы телефон алды. Нұртай Сұратаев спорттың бұл түрімен екі ай ғана шұғылданып жүр екен. Алғашқы жеңісінің осындай тарихи күнмен тұспа-тұс келгеніне аса қуанышты.

Нұртай Сұратаев:

-Бұл менің алғашқы жеңісім. Қатты қуанып тұрмын. Осындай мерекеде жеңгенім мен үшін ешқашан ұмытылмайды. Ұялы телефон алдым. Өте әдемі.

Мерекелік шара аясында қонақтар тегін таратылған ыстық палаудан дәм татты.

– Мереке құтты болсын. Қазақстан өркендей берсін. Баршаңызға бақыт, береке, бірлік тілеймін.
– Көңіл-күйім жақсы. Астана мен қала күні жақсы деңгейде өтуде.
-Бәрі жақсы.
Міне үлкен той болып жатыр. Құтты болсын.

Гүлден Сәрсенбаева