Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда қос мереке қатар атап өтілді

 

 

 

 

Жиналған қауымды атаулы күнмен облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров құттықтады.  Салтанатты жиында өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ  солтүстікқазақстандық азаматтар облыс әкімінің құрмет грамоталары, алғыс хаттары мен ақшалай сыйлыққа ие болды.  Өңір халқын қос мерекемен Петропавл қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов те құттықтады.  Мерекеге орай Петропавл қаласының құрметті азаматтары марапаталды. Сондай-ақ «Қаланың ең үздік адамдары»  аталымы бойынша әр салада белсенді еңбек етіп жүрген азаматтар сый-сияпатқа ие болды. Саясаткер, дәрігер, ұстаз, спортшы әрбірі өз ісінің хас шебері. Ерекше құрметке М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы лицейдің математика пәнінің мұғалімі Бейнегүл Қоспанова да бөленді. Ал өңіріміздің өнер ұжымдары мерекеге ортақтаса келген қауымды ән-жырмен қуантты. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының актерлері “Тәуелсіздікке тағзым” спектаклінен үзінді қойды. Алты алаштың намысын арқалап, өмірлерін ат үстінде өткізген Қожаберген жырау, Қарасай, Ағынтай батырлармен, солақай саясаттың құрбаны ақиық ақын М. Жұмабаев және қанатты сөз шебері С. Мұқановтың бейнелерінде сөйлеген сахнагерлер өткенге бас игізді. “Жарқырап, жайнаған Астана – гүлденіп жаңарған Петропавл” бағдарламасының аясында қазақ эстрадасының шоқ жұлдызы “Үркер” тобы петропавлдықтарға музыкалық сәлемдемелерін жолдап тосын сый жасады.  Ал “Достық” алаңында өңіріміздің құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтауда жеткен табыстарымен бөлісіп, арнайы заманауи техникалармен төтенше жағдайды жою жөнінде танымдық көрсетілім қойды.
 

Жеңіс Ермұқанов