Әр түрлі

Негізгі мерекелік шаралар ақын Мағжан атындағы көшеде ұйымдастырылды

 

 

 

 

 Ашық аспан, жарқыраған күн де бүгін адамдарға мерекелік көңіл күй сыйлаған. Арқа төріндегі жас, әрі бас қала Астананың мерейі мен мәртебесі жайында бүгін айтылған сөз мол. Елорда бір мүшелде  Орта Азиядағы жаңашыл, болашақтың қаласы атанды. Бұл отандастарымыздың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Әлемдік сәулет өнерінің үлгілері көрініс тапқан әсем қаланың бүгінгі салтанатын солтүстікқазақстандықтар ерекше жырлайды. Еліміздің жүрегі Астана барша халықтың мақтанышына айналған.  Бүгінде өзге қалалар Астанаға қарап бой түзейді. Әр облыста сәулетті ғимараттар салынып, еңселі елдің ерекше жетістіктерін дәлелдей түседі. Отан отбасынан басталады. Мерекеде петропавлдық жас отбасылар  қалыңдықтар шеруін ұйымдастырды. 26 жұп көше бойлай жүріп, еліміздің әр отбасына татулық тіледі.

Зәмзәгүл Жантілесова:

Бүгінгі парадты Астана күніне арнадық. Еліміздегі әр отбасы бақытты болсын.

Көше бойлай спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп, жеңістерін мерекеге арнап жатты.  Мерекеде әркім барын көрсетуге тырысып бағуда. Әсіресе, 1932 жылы зауыттан шыққан БМВ автокөлігіне қызығушылық ерекше. Ретрокөліктерді айналшықтаған тұрғындар қатары қалың . 1949 жылғы «Победа» да еріксіз көз кідірткізеді. 20-шы  ғасырдың алғашқы жартысында шыққан автокөліктер сонау Астанаға да әлі талай рет барып келе алады. Ұйымдастырушылар шалғайға тілек жеткізудің де жолдарын қарастырыпты. Азаматтық альянс өкілдері мереке күндері тұрғындардың жақындарын, достарын мерекемен құттықтауларына мүмкіндік жасады. Мереке күндері 2000-нан аса ашық хат таратылмақшы. Жібек Еспенбетова осы мүмкіндікті пайдаланағандардың бірі.

Жібек Еспенбетова:

– Досымызды мерекемен құттықтап жатырмын.

Республика бойынша 100 мыңнан аса мерекелік ашық хат иелеріне жеткізіледі. Бұл ашық хаттарда азат елдің ұрпағының тілектері көрініс тапқан.

Әсем Рахметова