Қайырымдылық

Астана күні қарсаңында ауылдағы қоныстой

  

 

 

 

 

 Дайындық ауылында 52 отбасы тұрады. Астана күні қарсаңында ауылдағы екі ардагердің отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл игі істі осы елді мекендегі “Дайындық” ЖШС директоры қолға алыпты. Кәсіпкер әлеуметтік саланың гүлденуіне әр азамат өзінің үлесін қосуы керек дейді. Зейнет жасындағы Әбілпейіс Шаймерденовтың үйі әбден тозған. Бір айдың ішінде оның орнына жаңа баспана салыныпты. 70-ті алқымдаған қария бүгін салтанатты түрде су жаңа үш бөлмелі үйдің кілтін алды. Әбілпейіс Шаймерденов саналы ғұмырын ауылшаруашылығы техникасының рөлінде өткізіпті. Еңбек ардагері ұмыт қалмай кейінгі ұрпақтың құрметіне бөленіп отыр.
Сондай-ақ бұл күні Бейсенбаевтер әулеті де қоныс тойын тойлады. 70-ң 5-не келген Мақсұт ата жары Қаназиямен отасқан 55 жылдың ішінде 5 баладан 7 немере сүйіпті.

 Әлмұхамед Мақсұтов:

– Менің ата-әжем өмір бойы ауылдың гүлденуіне еңбек етті. Олар мына жасалған сыйға лайықты адамдар. Ата-әжем 100 ге келсін деп тілеймін.   

Қоныстанушылардың қуанышына Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев ортақтасты.

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:
– Заман талабына сай салынған 90 шаршы метрлік әр баспанаға 2 млн. 200 мың теңге жұмсалыпты. Туған ауылындағы құрылыс пен бар шығынды “Дайындық” ЖШС директоры Біржан Шаймерденов өз мойнына алған.

Біржан Шаймерденов, “Дайындық” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:
-Биылғы жыл өте суық болды. Сондықтан көптен бері тұрып жатқан ақсақалдарымыз үйіміз суық, немерелерімізбен тұруға қиын болып тұр деген сұраумен келді. Біз үйлерді көріп, жаз шыққанда салып береміз дедім. Президенттің жолдауы бойынша егемендігіміздің 20 жылдығына орай 15 июльге дейін салып беруді жоспарладық.

Серіктестік жыл сайын ауылдағы үй құрылысына 20 млн теңге қаражат құяды екен. Осы айдың өзінде тағы үш үй тапсыру көзделуде. «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»  бағдарламасының аясында өткізілген акция қорытындысы бойынша Дайындық ауылы аудандағы 12 округтағы 38 селоның ішінде ең тазасы болып танылды. Бұл игі шараға да серіктестік басшысы Біржан Шаймерденовтың қосқан үлесі аз емес.

 Жеңіс Ермұқанов