Әр түрлі

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 % өсті

Жылдың ортасында жалақыларының бірден 30 пайызға артуын бюджеттік сала қызметкерлері ерекше қуанышпен қарсы алды. Бұл әсіресе, үлкен мереке – Елорданың туған күні қарсаңындағы елеулі сый болғанға ұқсайды. Еңбекақысына үстеме алғандардың ішінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де бар. Медицина саласы алға басып, дәрігерлерге үлкен сенім артылғанда, еңбегіміздің тиісінше бағалануы орынды дейді кардиологиялық орталықтың дәрігері Мақсат Құдратұллаев. Теңдік Құлмағанбетова білім беру саласына арнаған 24 жылының 20-сын тәуелсіз Қазақстанның болашағын тәрбиелеуге арнаған. Еңбек жолын мектепке дейінгі білім беру мекемесінен бастаған ұстаз  бүгінде қазақ мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жүр. Жалақының өсуі еңбек етуге деген құлшынысымызды де арттырады дейді ұстаз.

Теңдік Құлмағанбетова, қазақ мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– Біздің жалақымыздың 30 пайызға өсуі  Елбасы  жолдауының іске асқаны деп ойлаймын. Осы көтерілген жалықының арқасында жоспарлаған ойларын, мәселелерін шешіп жатыр. Қыркүйек айында тағы қосамыз деп жатыр, санатымызға қарай, бұл да жақсы. Осындай елде тұрып, бала тәрбиелеп жатқанымызға ризамыз.
  
Ел экономикасының қарыштап дамуы еңбекақыны арттырып қана қоймай, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елімізді гүлдендіруге мүмкіндік берді дейді Теңдік Құлмағанбетова. Ел экономикасы үшін ауыр кезеңде бой көтергеніне қарамастан, қазақтың жас астанасы да қас қағым сәтте құлпырып шыға келді.  Сондай-ақ, шілденің 1-нен бюджеттік сала қызметкерлеріне кезекті еңбек демалысына шыққанда төленетін сауықтыру жәрдемақысының көлемі де артты.

Гүлмира Шоқтыбаева