Қылмыс

Жол-көлік апатында 3 адам қаза тапты

 

 

 

 Жол-көлік апаты Аяған Шәжімбаев және Жамбыл көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында болған. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, «Ауди-80» автокөлігінің 30 жасар жүргізушісі рөлге ие бола алмаған көрінеді. Қарама-қарсы жолға шығып кеткен жүргізуші “Мерседес” автокөлігін соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан “Аудидың” жүргізушісі мен 29 жасар жолаушысы бірден жан тапсырған. Ал осы автокөліктің тағы бір жолаушысы 3-қалалық ауруханаға жеткізілді, Алайда, 26 жасар қыз көп ұзамай көз жұмды. “Мерседес” жүргізушісінің жағдайы да нашар.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:

-Қазіргі уақытта бұл жол-көлік оқиғасының себебін анықтау үшін көліктердің техникалық сараптама жұмыстары жүргізілуде. Содан соң нақты шешім қабылданатын болады .

Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде СҚО-да 112 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 15 адам мерт болып, 142 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Инеш Шоқақова