Құрылыс

Ғаламторды пайдаланушылар үшін жағымды жаңалық

Облыстық телекоммунккациялар дирекциясының хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап халық арасында кеңінен тараған 3 тарифтік жоспардың жылдамдығы 4 есеге артады. Дегенмен бағасы өзгермейтін көрінеді.

Найля Першина, «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалының коммерциялық директоры:
-Сыртқы каналдарға жылдамдығы 2 Мбит/сек-на болса, ішкі каналдардың жылдамдығы секундына 4 Мбит болады. Бұл «Мегалайн хит», «Мегалайн лайт» және «Мегалайн турба» тарифтік жоспарларына ғана қатысты.

Мұндай оң өзгерістер Қазақстан ғаламторының дамуына үлесін тигізеді. Сондай-ақ кино, әуен сүйер қауым үшін қуанышты хабар болатыны сөзсіз.
Екатерина Сапрыкинаның интернетті қолданып жүргенінен 5 жылдай болыпты. Осынау жағымды жаңалықты естіген бойжеткен «Мегалайн» тарифтік жоспарына қосылатындығын айтып отыр.

Екатерина Сапрыкина:

-Жақын арада «Мегалайн» тарифтік жоспарын міндетті түрде қосамын. Өйткені интернетте көп отыратын мен сияқты жастар үшін бұл өте тиімді. Түрлі әуендер мен фильмдерді көшіруге қолайлы жағдай туғызды.

Бүгінде ғаламтордың көмегіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Кейбіреулері оң өзгерістерді сезініп те үлгерген

 Тұрғындар:
– «Мегалайн» қызметін пайдаланып жүргеніме 3 жыл болып қалды. Түнгі 12-ден кейін арнайы ғаламтордан қажетті материалдарды көшіріп көрдім. Шынымен жылдамдығы артқан екен.
– «Мегалайн» тарифтік жоспарының жылдамдығы артқанына қуаныштымын.
Әрдайым жаңа әуендерді бақылап отырамын. Жылдамдығы артып, бағасы сол қалпы қалғандығы біз үшін пайдалы.

Соңғы жылдары қазақстандықтардың ғаламторға деген қызығушылықтарының артқандығы айдан анық. Бұл ретте “Қазақтелеком” АҚ-ң да атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Әсіресе киберспорт пен он-лайн ойындарды дамытуда ды бірқатар алға жылжу байқалады.

Айдана Демесінова