Әр түрлі

Мүлік жайлы деректер жиналуда

  

 

 

 

“Электронды үкімет” бағдарламасының аясында әділет министрлігінде құжаттарды электронды түрге алмастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан мүлік иелері жайлы деректерді тексеріп, қайта енгізу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда бұл жұмыстар еліміздің барлық аймағында қолға алынған. Бүгінгі күнге дейін өңір бойынша мүлік иелері жайлы мәліметтерді толықтыру жұмыстарының 70%-ы орындалыпты.

Татьяна Горичева, СҚО әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бөлімінің бастығы:
– 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен әлеуметтік жеке коды өз күшін жояды. Барлық мемлекеттік қызмет жеке иденфикациялық нөмір негізінде жүргізілмек. Сондықтан әділет департаментінде деректерді қайта қарау жұмыстары атқарыып жатыр.

Бұған дейін мүлікті жекешелендіру келісімшарттарында мүлік иесі жайлы толық ақпарат берілмеген. Енді әр мүлік объектісіне оның иесінің туған күні мен жеке идентификациялық нөмірі енгізілмек.

Ақмарал Әбілмәжінова, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бөлімінің жетекші маманы:
– Көптеген қала тұрғындары бізге қоңырау шалуда, өз деректерін қалдыруда. Күніне 500-ге жуық қоңыраулар келіп түседі бізге. Өзіміздің базаға сол деректерді енгізіп, осылай қала тұрғындары үлкен көмек көрсетуде.

Дегенмен бұл жаңашылдықтар жайлы барлық тұрғындар біле бермейді. Мүлік иелері әділет департаментіне барып немесе 33-54-06 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы өздері жайлы қажетті мағлұмат берулері тиіс. Мұны тамыздың 1-нен кешіктірмеген жөн.

Инеш Шоқақова