Әр түрлі

Үй жануарларының моласы жойылады

  

 

 

Бұл орынның жануарлардың соңғы тұрағына айналған уақытын ешкім дөп басып айта алмайды. Төмпешіктердің 160-тан асып кеткендігі ескерілсе, бірнеше жылдың жүзі болып қалғандығы анық. Тек осы күнге дейін белгісіз адамдардың жерді заңсыз иемденгендігі жөнінде ешбір қызмет дабыл қақпаған.

Қайсар Әбішев,  қала прокурорының көмекшісі:
– Заңға сәйкес бұл жер ҚР-ның мемлекеттік меншігіне жатады. Оған қоса еш тексеріссіз, рұқсатсыз көмілгендіктен бұл жерде санитарлық талаптар сақталмаған. Егер зират тазаланбаса, қала тұрғындарының өміріне қауіп төнуі мүмкін.  

Мұның себебі – аймақтағы жер асты суларының жер қыртысына тым жақын орналасуы. Демек, көмілген жануарлардың өлекселері су арқылы түрлі инфекциялық аурулар таратуы әбден мүмкін. Сондықтан ол маңды тез арада тазалап, санитарлық өңдеуден өткізу қажет.

Қайсар Әбішев, қала прокурорының көмекшісі:
– Біз қалалық ІІД-ге ұсыныс білдірдік. Оған сәйкес қалалықтар әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Яғни, оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Кейбіріне мәрмәрдан құлпытастар орнатылғанына қарағанда мұнда петропавлдықтар үшін аса қымбат жануарлар көмілген. Сондықтан олардың иелері тез арада табылып, өлекселерді тиісті жеріне апарып көмер деген сенім мол.

 

Кәусар Аяпбергенқызы