Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысының Қызылжар ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі Серік Біләлов алдымен Қызылжар ауданының “Якорь СК” ЖШС алқаптарына соқты. Мұнда арамшөп пен егін зиянкестеріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүріп жатыр. Серіктестік биыл 3200 Га жерге бидай еккен. Алқап толықтай өңделіпті. Қазір жұмыс жүгері алқабына ойысқан.
Бұдан кейін өңір басшысы Якорь ауылдық округіндегі  “Найри” шаруа қожалығының егіс алқабында болды. Астытың  көлемін емес,  сапасын арттыруды көздеген алқап иесі Тельман Смоян биыл тек 200 Га жерге бидай дәнін сіңіріпті. Тиянақты жасалған кешенді жұмыстардың нәтижесінде мұндағы астықтың бойы жарты метрге таяп, масағы жиналып жатыр.

Тельман Смоян, “Найри” ЖШС директоры:
– Мен соңғы 15 жылда мынадай өсімді көрген емеспін. Бұл бір ай бойы барлық технолоогияларға сәйкес күні-түні жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп білемін. Табиғатта таптырмас сый жасады. Ертең химиялық өңдеуді аяқтаймыз. Енді бұны сақтап қала алсам, кемінде мына алқаптан гектарына 30 центнерден бидай оратыныма сенімдімін.  

Ал “Лесное” ЖШС жетекшісі Михаил Христевич облыс әкіміне егіс алқабында жүргізілген жаңа тәжірибенің озық тұстары жайлы айтып берді.

Михаил Христевич, “Лесное” ЖШС жетекшісі:

Тельман Смоян, “Найри” ЖШС директоры:
– Мен соңғы 15 жылда мынадай өсімді көрген емеспін. Бұл бір ай бойы барлық технолоогияларға сәйкес күні-түні жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп білемін. Табиғатта таптырмас сый жасады. Ертең химиялық өңдеуді аяқтаймыз. Енді бұны сақтап қала алсам, кемінде мына алқаптан гектарына 30 центнерден бидай оратыныма сенімдімін.  

Ал “Лесное” ЖШС жетекшісі Михаил Христевич облыс әкіміне егіс алқабында жүргізілген жаңа тәжірибенің озық тұстары жайлы айтып берді.

Михаил Христевич, “Лесное” ЖШС жетекшісі:

 

 – Өткен жылы 14 Га  бидайды лазермен өңдедік,  өлтіріп алдық па деп ойлап едік, бірақ ол айығып кетті.

Сондай-ақ аймақ басшысы серіктестіктің картоп, қарақұмық пен асбұршақ алқаптарын аралады. Серік Біләлов Михаил Христефичтің дәнді дақылдар  өңдеуде атқарған жұмысына оң бағасын берді.  
Өңір жетекшісі сондай-ақ Қызылжар ауданының шабындықтарын да  аралап,  мал азығын әзірлеу барысымен танысты. Серіктестіктер бүгінде нәрлі көпжылдық шөпті құлатып жатыр. Биыл аудан агроқұрылымдары табиғат сыйын барынша пайдаланып, мал азығының екі жылдық қорын дайындауды көздейді.
  Вагулин селолық округінің диқандары арамшөптің көзін құрту жұмыстарына тіпті арнайы 31 метрлік дәрі сепкіштермен жабдықталған УАЗ көліктерін тартыпты. Біреуі бір түнде 900 Га жерге дейін өңдеп үлгереді екен.

– Осындай ауа райында қанша уақытта гербицидпен өңдей аласыздар?

– Әрі кеткенде 2-3 күнде, 3 агрегат 900 гектардан өңдейді.

Жалпы Қызылжар ауданы бойынша 65 серіктестік пен 320 шару қожалығы химиялық өңдеу жұмыстарына 70 дәрі сепкіш техниканы шығарыпты.

Виктор Редин, Қызылжар ауданының әкімі:
– Біз 168 мың Га бидай септік. Бүгінде оның 70 пайызы өңделді. Қалған жұмыстарды 3-4 күннің ішінде аяқтаймыз. Оған қажетті гирбицидтермен агроқұрылымдар толықтай қамтылған. Бір сөзбен айтқанда, жақсы өнім алу үшін бар жағдайлар жасалынып отыр.  

Ал облыс бойынша 3 млн. 900 Га егіннің 77 пайызы арамшөпке қарсы өңделіпті.

Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің орынбасары:
– Алдымызда ауа райы «Қазгидрометтің» беруі бойынша 4-5 күн ашық болады. Кейін қайта жауын басталады. Сондықтан облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов  үлкен тапсырма беріп отыр. Тездетіп бүкіл құрылымдарды көтеріп, күні-түні жұмыс жасау керек. Сол үшін бар техниканы дайындап, химиялық отауды 100 пайыз орындау керек. Сонда ғана біз астық аламыз.

Облыс әкімі Серік Біләлов агроқұрылым жетекшілеріне алқаптарды арамшөпке қарсы дәрілеумен қатар мал азығын әзірлеуді де ұмытпауды тапсырды.

Жеңіс Ермұқанов