Қылмыс

Героин тасымалдаған әйел қолға түсті

 

 

 

 

Күдікті маусымның жиырма тоғызынан отызына қараған түні Қарақоға шекара бақылау бекетінде қолға түскен. Оның көлігін қызметтік иттің көмегімен тексеру барысында шекарашылар алғашында жалпы салмағы 1 кг шамасында героин салынған пакет табады. Ал кейін автомобильді мұқият тексеру кезінде артқы орындықтың арқасынан тағы осындай 20 түйіншек шыққан. Әрбіріне бір кг героин салынған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 20 кг жуық. Аталған факті бойынша бүгінгі күні тергеу шаралары жүріп жатыр.

Айдар Оралқанов, ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі шекара жасағының тәрбие бөлімінің аға офицері:
– Маусымның 29 біздің біздің шекарашылар өте үлкен көлемде есірткі затын тәркіледі. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл ең ірі көлемде табылған есірткі заты болып есептеледі. Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің СҚО департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тергеу шаралары ұйымдастырылуда.  

Айымгүл Әбілева