Мәдениет

Жас суретшілер жеңісі

 

Халықаралық жарысқа бейнелеу өнері лицейінің 9 оқушысының жұмысы жіберілді.  Маусымның 18 – 22-сі аралығында өткен Илья Репин атындағы балалар байқауына 7-16 жас аралығындағы 93 балдырған қатысып, бақ сынаған. Шеберліктерін байқамақ болған 2 жерлесіміз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Татьяна Скрипник,”ЮНЕСКО клубы, бейнелеу өнері лицейінің оқытушысы:
– Пленер – акварель, гуашьпен табиғатты бейнелеу. Сайыскерлер Илья Репиннің туған жері Чугуев қаласының табиғатын бейнеледі. Олар сол жерде 5 жұмысты орындауға тиіс еді. Қыздарға бұл тапсырманы орындау қиынға соқпады
.

Халықаралық жарыстың лауреаты атанғандардың бірі – Алина Анисимова. Бұған дейін оның “Алып қалада” атты суреті Жапонияның Токио қаласында өткен халықаралық сайыста үздіктердің қатарына енген болатын. Сол кезде көркем сурет авторы ретінде Алина осы Илья Репин атындағы және “Шеврон” корпорациясының Алматы қаласында өткен республикалық пленер байқауларына шақырту алыпты.

Алина Анисимова, “ЮНЕСКО клубы” бейнелеу өнері лицейінің оқушысы:
– Бір уақытта 2 бірдей пленерге қатысуға шақыру келген. Өткен жылы “Шеврон” корпорациясының ұйымдастыруымен өткен байқауға қатыстым. Сондықтан да бұл жолы Харьковтағы байқауды таңдадым. Өзге қатысушылар мықты болды. Өз мүмкіндігімді халықаралық сайыста тағы бір мәрте сынағаныма ризамын.

Украина елінде өткен байқауда Марина Анюховскаяның да бағы жанып, ол конкурс лауреаты атанды.

Айдана Демесінова