Құқық қорғау органдары

Сотта қаралған істер саны өскен

Мамандандырылған ауданаралық сот 2009 жылдың желтоқсанында  құрылған. Осы бір жарым жылда 130-ға таман қылмыстық іс қаралыпты.  Олардың 40-50 пайызы заңсыз есірткі саудасының үлесіне тиеді.

Рамазан Хасенов, Петропавл қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы:
-Былтырғы 6 аймен салыстырғанда қылмыс санының артқаны байқалады. Әсіресе, алқа сот мүшелері қатысқан отырыстар көбейді. Себебі қылмыскерлердің өздері кей жағдайда алқа билер сотын таңдайды. 

Қазақстанда 4 жыл бұрын енгізілген алқа билердің қатысуымен  аталған мекемеде 8 іс қаралыпты. Оның алғашқысы 40 келі марихуананы айналымға шығарған Новинкин деген азаматқа қатысты. Бұл іс бойынша алқа билер қылмыскерді 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіпті.  

-Алқа соттың таразысына аса ауыр қылмыстар беріледі. Бірақ олардың қатарына Отанын сату, қарулы ереуілдер, Президент өміріне қастандық жасау сияқты 165, 166, 167, 168, 233 баптарға жататын қылмыстар кірмейді. Себебі ондай жағдайларда мемлекеттік құпия сақтаулы тиіс.

Кісі өліміне қатысты қылмыс жалпы көрсеткіштің жартысын құрайды.Биыл ауданаралық сот бірнеше адамның өмірін қиған 7 қылмыстық топқа тиісті жазаларын берді.

Солардың бірін қарау барысында қылмыскерлер мен олардың туыстары сот отырысына қатысқан жергілікті арна операторы мен тілшілеріне дөрекі мінез танытқан болатын. Баспасөз отырысына қатысқан журналистер әріптестеріне қоқан-лоқы көрсеткен адамдар бұл әрекеттері үшін қандай жаза тартқаны жөнінде сұрады.

Рамазан Хасенов, Петропавл қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы:
із қолда бар видеоматериалдарды қарап шығып, ешқандай басқыншылық жасау фактісі болған жоқ деген шешімге келдік. Бірақ бұл мәселеге қатысты семинар өткізіп, көп талқыладық. Ақырында жұдырық ала жүгірген әйел адамды әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинап, өз ауданына жібердік. Қазір ол іс қарауда жатыр.  

Ауданаралық сот басы істі болғандардың бәріне жазасының ауырлығына қарай тиісті үкім шығарған екен. Тек биыл жаңа заңнаманың енуіне байланысты 2 азамат жазадан босатылды. Рамазан Хасеновтың айтуынша, сотқа тартылатын қылмыскерлердің дені орта білімді, жұмыссыз адамдар.

Кәусар Аяпбергенқызы