ТКШ

Қоқыстан қалай құтылуға болады?

 

 

 

 

Тұрмыстық қалдық аузы-мұрнынан шыққан контейнерлар, жағымсыз иіс Юбилейный, 4 мекен-жайы тұрғындарының мазаларын алып-ақ тұр. Жаңа жылға дейін бұл маңға «Коммунхоз» кәсіпорны қызмет еткен болатын. Оларға тұрғындар ешқашан шағымданған емес. Бірақ қазіргі жағдай басқаша.

Тамара Пичевская, Юбилейная, 4 үйі ПИК төрайымы:
–  «Спецавтобаза» кәсіпорны қоқысты мүлде шығармайтын болды. Мына қалдықтар бықсып 2 күн бойы тұр. Бұл маңда жүру мүмкін емес.

Тұрғындар аталған кәсіпорынмен келісім-шартқа тұрмаған. Бірақ қоқыс шығарылмаса да ол үшін үнемі ақытөлеп тұрамыз дейді. Оған қоса  қалдыққа толған контейнерлер ауланың ғана көркін бұзып қоймай, желмен шашылып, бүкіл маңды ластайтын көрінеді.  

Тамара Пичевская, Юбилейная, 4 үйі ПИК төрайымы:
– Біз қалалық әкімдікке хабарладық, олардан жауап та жоқ, көмек те жоқ.

Бұл контейнерлерге 7 қабатты тұрғын үй мен жер үйлерден, оған қоса жақын маңайдағы дүкен мен дәмханалардан тұрмыстық қалдық әкелінеді. Осы жерде тағы бір мәселе қылаң береді. Егер қоқыс жәшіктері әр аулада тұрса мұндай шу шықпас еді. Тиісті жауап алу үшін біз «Спецавтотранспорт» кәсіпорнының директоры Вадим Бондарьға хабарласқан едік, ол орнынан табылмады. Ал диспетчер істен шыққан техникалары жөнделіп болған соң жуық арада қоқыстың шығарылатынын айтып сендірді. Қазір кәсіпорынның иелегіндегі 5 автокөлік бірден істен шығып қалыпты. Осылайша біреулер қоқыстан зардап шексе, енді бірі жаман жолдарға шағымдануда. Заречный ауданының кей көшелерінде жауынды күндер тұрмақ, құрғақта жүру қиын екен.

Жүргізуші:

– Жол жаман, автобустар айналып жүруге мәжбүр.

Жаман жолдың кесірі әсіресе, автокөлік пен коғамдық көлік жүргізушілеріне көп тиеді.

Жүргізуші:

-Мына жерден айналып өтуге тура келеді. Бұл бір жақты жол болғандықтан жүруге болмайды, көрсе айыппұл салады. Бірақ амал не, өтеміз.

Кедір-бұдыр жолдар қала орталығында тұратындарды да шаршатты.

Жүргізуші:

-Жол нашар. Жаңбыр жауса, жүру мүмкін емес.  Машинаны жуып үлгере алмаймыз.

 

Бүгінде жол жөндеу жұмыстары қаланың бірнеше аудандарында қарқынды түрде жүріп жатыр. Маусымның 28-нен 29-на қараған түні қалпына келтіруді қажет ететін онсыз да көп жолдардың қатары арта түсті. Жеңіс саябағына жақын маңдағы Набережная көшесінде асфальт опырылып қалған. Мамандардың айтуынша, бұл «Петропавл су» АҚ-ға қарасты канализациялық коллектордың кесірінен пайда болған. Қазір апатты орын қоршалып, жол жабылды. Жөндеу жұмыстары басталған жоқ, бірақ жоспарда бар.

Кәусар Аяпбергенқызы