Салық басқармасы

Салық департаментіндегі кездесу

 

 

 

 

Нәтижесінде екі жақ та тиімді байланыс орнатып, салық органындағы жаңа өзгерістермен танысты.  

Көптен жоспарланған бұл кездесуге 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымның өкілдері шақырылған болатын. Ондағы басты мақсат салық органымен қызмет бабындағы байланыс кезінде жиі туындайтын мәселелердің түйінін шешу, жаңашылдықтармен таныстыру.

Ескен Әкімжанов, СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бастығы:
– Корпоративті, әлеуметтік, көлік салықтары жөнінде мамандарымыз айтады. Ұжымдардың жиналып қалған сұрақтарына жауап береміз.

Бүгінде азаматтардың басым бөлігі салық төлеудің электронды тәсілін қолданғанды жөн көреді. Ол үшін арнайы криптографиялық кілт иесі ғаламтордағы салық төлеуші кабинетіне кіруі тиіс. Әңгіме барысында бұл тәсілді меңгере алмағандарға қысқаша түсініктеме берілді. Сондай-ақ нақты үкіметтік емес ұйымдардың салық заңнамасы аясындағы міндеті нақтыланды. Диалог барысында қойылған сан сұрақтарға мардымды жауаптар берілгенін ескере отырып, жиналғандар кездесуге оң бағаларын берді.

 
Надежда Дубовая,  СҚО тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы ҚБ төрайымы:
– Мемлекеттік ұйымдармен осылайша ашық әңгімелесу үнемі жақсы нәтиже береді.
Бұл жолы да солай болды. Тек шешілмеген мәселелер де, әрине, бітпейді. Айталық, көптеген ұйымдар әлі де салық төлеуден жалтарады. Мұны қалай да шешу керек. Сондықтан осындай кездесулер жиі өткенін қалаймыз.

Өз кезегінде үкіметтік емес ұйым өкілдері фискалды органның мамандарына екіжақты тиімді ұсыныстарын   білдірді.

Кәусар Аяпбергенқызы