Құқық қорғау органдары

Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жобасы

 

Әйелдерге қатысты жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші әр түрлі болғанымен, әр облыста оның бар екендігі, өкінішке қарай, ақиқат. Қоғамдағы осынау жағымсыз құбылысқа алғаш болып қарсы шыққандардың бірі тәртіп сақшылары болса, бірі әйелдер құқығын қорғау ұйымдары. Осы бағытта жұмыс жасайтын Қазақстанның әр түкпіріндегі әріптестер конференцияда тәжірибе алмасты.

 Айгүл Дүйсенова, Ақтөбе облыстық әйелдерді қолдау орталығының төрайымы:
–  2 жыл ішінде зорлық-зомбылыққа қарсы жоба өткізіліп жатыр. Соның ішінде Петропавл, Жезқазған, Алматы, Ақмола облыстары қатысып жатыр. Солар өздерінің 2 жылда жасаған істерін бізге көрсетіп жатыр.

Әр облысты таныстырған төрайымдар мәселе ортақ болғанмен, оны шешу жолдары сан түрлі екендігін атап өтті. Мәселен, СҚО-да ағымдағы жылдың соңғы 5 айында әйелдердің құқығын шектеуге қатысты 420 өтініш түскен.

Қайсар Қанафин,СҚО ІІД ҚҚБ аға инспекторы:
 -Былтыр 21 қылмыс болса, биылғы жылы 14 қылмысқа төмендеді. Ол үшін біз әйелдерді қорғау орталығы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп біраз шаралар жасадық.

Қазақстанда 5 облыста “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресетін аумақтық, ведомствоаралық кеңестер құру” жобасын тиімді жүзеге асыруға Еуропалық Одақ 168 000 Евро жұмсап отыр. Егер жұмыс дұрыс бағытта жүретін болса,  зорлық көрген әйел қауымына да үлкен көмегі болатыны сөзсіз.

Кәусар Аяпбергенқызы