20 игі іс

Игі істер жалғасы

 

«20 игі іс» акциясының аясында СҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Серік Сабыралин Есіл ауданындағы Жарғайың негізгі мектебіне дербес компьютер тарту етті . Мектеп директоры бұл сыйлық оқушылардың заманауи технологияны жетік меңгеруіне септігін тигізеді деген сенімде.

 Бүркіт Жаров, Жарғайың негізгі мектебінің директоры:
– Бұл, әрине, жасөспірімдерге керек нәрсе – компьютер. Жарғайың мектебі шағын болғанмен де өз білім деңгейін аудан, облыс бойынша көрсетіп келеді. Әлі де көрсетеді деп ойлаймын оқушылар.

Бұл ауыл үшін өзекті мәселенің бірі – жол.  Ол да біртіндеп шешімін таба бастаған сыңайлы. Алматы селолық округының әкімі бұл да жерлесіміздің қолдауымен жүзеге асты деп отыр.

Мереке Қыдыбеков, Алматы селолық округының әкімі:
– Ең бірінші мәселе – жол мәселесі. Осы кісінің сұрауы бойынша «Лив КосСевер» ЖШС демеушілік етуімен 2,5 шақырым жолға тас-құм төселді.  

Қазіргі таңда білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде. Серік Сабыралин, әсіресе, шалғай ауылдардың оқушылары да бұл үрдістен тыс қалмауы тиіс дейді.

Серік Сабыралин,  СҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы:
–  «20 игі істің» бірі – менің ауылыма компьютер сыйлау. Мектепте компьютер аз екен. Ауылдың балалары да компьютер білсін деген мақсатпен сыйға тарттым.

Инеш Шоқақова