Спорт

Мағжанның жаңа жыр жинағы

М.Жұмабаев ескерткішінің алдына бұл күні ақын поэзиясын пір тұтатын кәрі-жас жиналды. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мағжан бабамыздың шығармаларын жастар пір тұтады. Ақын өз өлеңдерінде күш-қайраты тасыған жастарға сенім артты. Кейінгі толқын оны ұмыптақ емес. Ескерткіш басына жиналған ақынның туғандары бұған риза.

Тасболат Бекенов, Мағжан Жұмабаевтың  немере інісі:
–  Мағжанның өзі өлсе де, ісі өлген жоқ. Келешек жастарға сеніп кетті. Соны олар ақтап жатыр. Осы жастар Мағжаннан да асып кетсін.

Ақынның 118-ші туған күні М.Жұмабаев мұраларын шын дәріптеушілер арасында өткен «Мүшайрамен» есте қалды. «Мағжанды еске алу» атты  өлеңді жазуға 16 жасар Мұхаммед Қоңқаевты ақынның өз өлеңдері шабыттандырыпты.

Мұхаммед Қоңқаев, Айыртау ауданы:
– Мен Мағжанның өлеңдерін оқып, толғанып, соған жыр жазған болатынмын. Оның өз өлеңдеріне келсек, ол қазақ жастарына сеніп кеткен, жалпы айтқанда Мағжанның аты өлмейді, жазған хаты өлмейді дегім келеді.

Ақынның жан тебірентер толғанысқа құрылған «Сағындым» өлеңін Гүлбақыт Кенжеболатова бар нақышына келтіре оқып берді. Дара жерлесінің ізін қуушы бұл жас биылғы жылғы аумақтық Мағжан оқуларының жеңімпазы екен.

Гүлбақыт Кенжеболатова, Айыртау ауданы:
– Мен Мағжанның өлеңдерінен нәр аламын. Көңіл күйім болмаған кезде оқимын. Оның өлеңдері әр адамға, әр балаға күш-қуат береді.

Бұл күні қазақтың біртуар ұлына, оның саналы ұрпақтарына тамаша тарту жасалды. Қалалық мәдениет үйінде жиналған қалың қауымға қоғам қайраткері, мәдениеттанушы  Әуезхан Қодар аударған «Исповедь атты Мағжанның  жаңа кітабы таныстырылды.

Жинаққа ақынның бірнеше өлеңдері, поэмалары мен «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің орысша нұсқасы енген. Кітаптың таныстыру рәсіміне облыс әкімі Серік Біләлов та қатысты. Ол жаңа еңбектің авторын  құрмет грамотасымен марапаттады.  

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
 Біртуар ақынның «Исповедь» кітабы жарыққа шықты. Бұл орыс тілінде шыққан алғашқы толық жинағы. Оны құрастырған Әуезхан Қодарға алғысымызды білдіреміз.  

Өз кезегінде Әуезхан Қодар кітапты жазуға түрткі болған жағдайды айта кетті. Бұл ой 2009 жылы облыс әкімінің шақыруымен Мағжанның 115 жылдық мерейтойына, ақынның туған елі Сартомарға келгенде туған екен.

Әуезхан Қодар
,  жазушы:
Сіздердің өткен мен бүгінгіні құрметтей білетін басшыларыңыздың арқасында мәдени өмірлеріңіз өркендеп келеді. Кеңес кезінде үзіліп кеткен ұрпақтар жалғастығы да қалпына келді. Бүгінгі фильмде байқағанымдай, облыстық мұражайдағы мәліметтердің молдығы, аудандар мен Мағжан еліндегі мектептің қазақшалануы ақынға деген зор құрметтің белгісі. Ол үшін сіздерге рахмет айтамын.

Түсінген адамға бұл кітап аса құнды дүние. Өйткені нақ осы еңбек орыстілді қауым үшін Мағжан әлеміне тереңірек үңілуге жол ашып отыр.  

Кәусар Аяпбергенқызы