Мәдениет

Этнофестиваль аяқталды

 

Бүркіт Бекмағамбетовтың «Салдәурен» әнін шырқаған «Балқадиша» ансамблі Шал ақын ауданының намысын қорғауға келген. Топтың құрылғанынан 6 жыл өтіпті. Содан бері олар көпшілікті халық әндерін орындаумен қуантып келеді

Гүлнар Әбілқайырова, «Балқадиша» ансамблінің жетекшісі, Шал ақын ауданы:
– Біз салт-дәстүрлерімізді көрсетеміз. Бірақ та ауданымызды көрсетеміз. Ауданымызда наурыз мейрамдарына қатысып, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып жүрміз.

Тимирязев ауданында 18 этномәдени орталық бар. Сондықтан да фестивальға келген өнерпаздар көрермен назарына Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың билерін ұсынды. Тимирязев ауданы өкілдерінің өзге қатысушылардан ерекшеленген тұсы – әзірбайжан ұлтының «қыз ұзату» салтынан үзінді көрсетуі болды.

Алтынай Сыздықова, Тимирязев аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы:
– Осының ішінде жалпы тірі қойды әкеліп, осында сойып, жастардың маңдайларына қан жағып, бірлігі, татулығы, қандас болып, құдандалы болып деген сияқты деген бір-бірімен татулықты білдіріп отыр.

Уәлиханов ауданының белсенділері қала тұрғандарына өнерін көрсету үшін өз кезектерін күтуде. Олар қазақтың «Қара жорғасы» мен татар, ұйғыр, орыс ұлттарының билерін дайындап әкеліпті. Сондай-ақ қазақтың салтынан ақпарат беретін көріністер ұсынды. Солардың бірі – “Беташар” рәсімі.

Амангелді Оқас, фестивальға қатысушы, Уәлиханов ауданы:
–  Қазақтың келін түсіру, жар-жар айтуы әр жас, нағыз қазақпын деген жасының бойында болу керек. Мұны барлығы білу керек деп ойлаймын. Сондықтан жар-жарды, беташарды өзім айтамын.

Бұл жолы петропавлдықтар фестивальға қатысушылардың облыс ортылығына әкелген көрмесін де тамашалады.  4 апта бойы аудандағы ұлттық орталықтардың мүшелері қала тұрғындарына мереке ұйымдастырған болатын. Алдағы уақытта соның қорытындысы шығады. Үздік өнер көрсеткендер Астана күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік концертке қатысады.

 

Айдана Демесінова