Әр түрлі

Есірткі жойылды

 

 

 

 
Жыл басынан тәркіленген есірткі заттарын ашық жою шарасы Тайынша қаласында алғаш рет өткізілуде.

Абай Тастеміров, Тайынша АІІБ бастығы:
– Бүгінгі өткізіп жатқан акциямызбен халықтың денсаулығына зиянын тигізумен пайда тауып жүргендерге қарсы екенімізді көрсетіп отырмыз. Біздің ортақ мақсатымыз – есірткісіз болашақ құру. Кәрі-жас демей, баршамыз бірігіп есірткіге қарсы күрес жүргізуіміз қажет.

Жыл басынан бері тайыншалық полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыстың бетін ашты. Оның үшеуі есірткі сақтау болса, қалғаны улы затты сату фактілері. Жалпы ауданда салмағы жиырма тоғыз килограмм болатын марихуана және екі килограммнан астам гашиш тәркіленді. Олардың қара базардағы құны 2 миллион теңгеден асып түседі екен.

Сағындық Теміреев, Тайынша АІІБ бастығының орынбасары:

-Бүгіндері 30 килограмнан артық есірткі алынып, бүгін жойылып жатыр. Халқымыз да, ата- аналар балаларын нашақорлықтан сақтасын.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер есірткіге қатысты 132 қылмысты анықтады. Заңсыз айналымнан үш жүз килограммға жуық есірткі заттары тәркіленді.

Айдана Демесінова