Балалар

Жас натуралистер слеті

 

 

 

 
Махаббат Елубай Ғ.Мүсірепов ауданынан ат терлетіп келген. Көкөніс өсірушілер аталымына қатысқан қыз үйірмеде білген-түйгенін ортаға салды. Оның табиғат зерттеумен айналысқанына 1-ақ жыл өтіпті.

Махаббат Елубай,  жарысқа қатысушы:
– Мен мұнда келдім. Өйткені бұл менің болашағыма көп пайдалы болады маған. Мен көбірек білу үшін осында келдім. Және менің ата-аналарыма пайдалы болады. Мен оларға айтамын, қалай дұрыс отырғызуға болатынын. Мен үшін бұл өте маңызды іс.

Ал мына бөлмеге егін шаруашылығына қызығушылық танытқандар жиылды. Олар теориялық білімін тәжірибеде қолданып, өздеріне тиесілі сұрақтарға жауап беруге дайындалып отыр. Тапсырма да, сайыскерлерге қойылатын сауалдар да әр түрлі. Мәселен, мына қыз картоптың тұқымы аз болған жағдайда, оның санын көбейту үшін картопты қалай бөлу керек екендігін айтты. Енді біреулері дәнді дақылдардың тұқымын ажыратуда. Ал Мәдина Тәжібаеваға жәндіктердің ішіндегі зиянкестерді табу міндеті қойылды. № 6 мектептің оқушысы бірқатар өсімдік жауларын анықтап қойыпты.

Мәдина Тәжібаева, жарысқа қатысушы:
– Мен бүгін егіншілік секциясына қатысып тұрмын. Менің ойымша, ол өте қызықты. Және бүгінгі осы сайыс оқушылардың, жастардың шаруашылыққа деген, осы өсімдіктерге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

Дәстүрлі сайысқа биыл 84 табиғат зерттеушілері келіпті. Түске дейін қатысушылардың теориялық білімдері тексерілсе, кейін олар білімдерін іс жүзінде көрсетті.

Надежда Полтавец, “Жас табиғат зерттеушілер станциясы” МККК директоры:
– Сайыскерлер 3 аталымда сынға түседі. Олар: көкөніс өсіру, егіншілік және бағбаншылық. Балалардың білімі жақсы екені көрініп тұр. Әсіресе ауданнан келгендерді атап өткім келеді. Олар жан-жақты білім жинақтап келіпті.  

Облыстық табиғи ресурстар басқармасы слетті ұйымдастыруға 150 мың теңге бөліпті. Сондықтан да әр қатысушы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Айдана Демесінова