Спорт

Аулалық клубтар олимпиадасы аяқталды

 

 

 

Олимпиаданың соңғы күні қатысушылар жеңіл атлетика, теннис және тоғызқұмалақтан бақтарын сынап көрді. Әр команда жүлделі орынға ие болу үшін барынша тырысуда.

Идея Сейтмұхамбетова,  Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы мектептен тыс жұмыстар жөніндегі балалар-жасөспірімдер орталығының әдіскері:
– Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаз атану үшін “Балдырған”, “Достық” және “Қызылжар” командалары таласуда. Балалардың ынтасы қуантарлық ,барлығы жақсы ойын көрсетті.

“Балдырған” клубы жеңімпаз атануға үміткерлердің бірі. Бұл команда ұлттық спорт түрлері бойынша шебер ойын көрсетіп, ерекше көзге түсті.

Айтқожа Баукенов, қосымша білім беру мұғалімі, “Балдырған” клубы:
– Жылда-жылда осындай ойындар өткізіп отырады. Біздің жетістіктеріміз өте мол. Тоғызқұмалақтан 1-ші орын алып отырмыз, дойбыдан –  2-ші орын.

Балалардың әрқайсысы командаларының жеңіс тұғырынан көрінуіне үлес қосқаны сөзсіз. Өздерінің жеке жетістіктері де айтуға тұрарлық.

-Мен “Балдырған” тобының мүшесімін. Мен жеңіл атлетикаға қатыстым. Осындай жарыстарды жақсы көремін.
– Мен бүгін тоғызқұмалақтан бірінші орын алдым.Ойын өте ұнайды.
– Мен тоғызқұмалақ, дойбы бойынша қатыстым. Өзімнің нәтижеме қуаныштымын

Олимпиадаға белсенді қатысып, жүлделі орынға ие болған командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жалпыкомандалық есепте алға шыққан клубтарға жеңімпаздар кубогы табыс етілді.

Инеш Шоқақова