Спорт

Туристер слеті

 

 

 

 
 

Туристер слетіне 14 құрама қатысты. Әр командада 6 адамнан. Айту керек, жыл сайын жорықтың бағдарламасы күрделеніп, қатысушылардың қатары қалыңдай түскен. Мұндай іс-шаралар елімізде кенжелеп қалған туризм саласын дамытуға үлесін қоспақ.

Руслан Есеналин,  СҚО дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
Туристік слет 4 кезеңде өтеді. Алғашқы кезеңде мектепішілік, екіншісі аудандық кезең болады. Бүгін сол кезеңдерде жеңімпаз атанған құрамаларды облыстық слетке жиып отырмыз.

Балалар шатыр құрып, от жағып, жарысқа қызу дайындалуда. Сайыс туристік жорық түрінде өтпек. Қатысушылардың маршруттық жолдағы кедергілерден өту шеберлігі, шатыр құру жылдамдығы ерекше сыналмақ. Мұндай жорықтарға жыл сайын қатысатын құрамалар мұны жақсы біледі.

Мерген Танабаев, Озерный орта мектебінің мұғалімі:
Біздің мектеп мұндай шараларға жиі қатысады. Бүкіл мектеппен жазда Имантауға, Бурабайға жылына екі рет барып отырамыз. Тауға шығады балалар.

Мына кезеңде қатысушылар судан арқан арқылы өтіп, қайықпен қайта оралуы тиіс. Уақыт шектеулі. Әр кезеңнің өз ерекшелігі мен қиындығы жетерлік. Бірақ балалар мұндай жорықтар сонысымен қызықты дейді.
Сайыс 2 күнге созылады.13 кезең қорытындысы бойынша ең жылдам әрі шымыр атанған құрама республикалық слетке қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Инеш Шоқақова