Салық басқармасы

Есеп айырысу кассалық бақылау аппараты арқылы жүргізілуі керек

  
Салық заңына сәйкес ҚР аймағында сату, қолма-қол ақша беру қызметтері бойынша есеп айырысу кассалық машина арқылы жүзеге асуы тиіс. Мұндай салық төлеушілер қатарына шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерінен тыс коммерциялық емес ұйымдар да кіреді.

Есмағзұм Байбосынов, СҚО салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы:
-Кассалық машина жеке пәтер иелері кооперативінде, бағбандық қоғамдарда, балабақшаларда, ауруханаларда, жоғары және орта білім ұйымдарында да болуы тиіс. Ал заңды тұлғаларға, мемлекеттік тіркеуге алынбайтын жеке кәсіпкерлерге, нотариусы бар азаматтарға бұл шарт жүрмейді.

СҚО Салық Департаментінің қызметкерлері кассалық бақылау машиналарының дұрыс қолданылуын әрдайым жіті тексереді. Осы тұста кәсіпкерлердің көбі қолма-қол ақша кітабы ауыстырылған кезде немесе техникалық ақаулар болған сәтте машинаны салық органынан уақытында есептен алмайтын көрінеді. Сонымен қатар машинаны алған сәттен бастап бірден тіркеуге қоюды ұмытып кететіндер де бар екен. Ал мұндай олқылықтар өз кезегінде түрлі әкімшілік жауапкершіліктерге тартады. Ағымдағы жылдың басынан бері осындай қателіктерге 724 азамат бой алдырған.

Есмағзұм Байбосынов, СҚО салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы:
 -СҚО тұрғындары кассалық машиналарға қатысты бірнеше шағым түсірген болатын. Соған байланысты біз 47 жерде тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде құрылғының дұрыс тіркелмеуіне қатысты 36 заң бұзушыны анықтадық. Енді олар 22680 теңге айыппұл төлейді.

Халық үшін кассалық машина беретін чек тауар сапасына кепілдеме болып табылады.

Тұрғындар:

– Мен дүкеннен тауар алғанда чекті міндетті түрде сұраймын. Себебі, кейін ол зат сапасыз болып жатса чекті көрсетіп, ақшамды қайта сұрай аламын.
Чек Петропавлда барлық жерде беріледі. Ол дұрыс. Қанша ақша жібергеніңді көре аласың.
Маған чек керек. Өйткені ол алып жатқан затыңа кепілдеме бола алады.

 

Гүлден Сәрсенбаева