Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бескөлдегі агрокеңес

 

Жауын- шашынның шамадан тыс түсуінен егіс алқаптарында арамшөп қаптап кетті. Құбылмалы ауа райы, тоқтаусыз жауған жаңбыр танап басындағы жұмыстарға кедергі келтіруде.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
–  Маусым айының 20 күнінде  59 мм жауын түсті.
Бұл мөлшердің 140 пайызы Сондықтан алқаптарды химиялық өңдеуден өткізуді кешіктірмеу керек. Әр күн ауадай қымбат. Сәті түскен сайын бар мүмкіндікті пайдаланып қалған дұрыс. Қызылжар ауданындағы бар алқаптың 168 мың гектарына бидай егілді.  Дән сіңіп, шығып та қалды. Одан арамшөп те қалар емес. Қажет болса, екі мәрте дәрілеп өту керек.

Қызылжар ауданының әкімі Виктор Редин өңір жетекшісіне уақыт күттірмейтін бұл тың іске барлық шаруашылықтар белсенді кіріскендігін жеткізді. Дәрі сепкіш және өзге де қажетті техника алқапқа шығарылыпты.

Виктор Редин, Қызылжар ауданының әкімі:
– Маусым айының басынан 65,9 мм ылғал түсті. 155 мың га алқапқа жететін 93 мың литр гирбицид алып қойдық. 78 дәрі сепкіштің 8-і заманауи жоғары өнімді кешен. Бүгінде 18 мың га жуық алқапты арамшөпке қарсы өңдедік. Дәрілеу жұмыстарын 8-9 күннің ішінде тындырамыз.  

Синоптиктер жаздың қалған айлары да нөсерлі болмақ деген болжамдар айтуда. Тамызда тіпті мөлшерден екі есе артық ылғал түсуі ықтимал. Сондықтан арам шөппен күресті түбегейлі жүргізу керек. Жиынға қатысқан ғалымдарда өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ольга Гаас,  Солтүстік Қазақстан тәжірибе станциясының зертхана меңгерушісі:
Бір жағынан бұндай ауа райын табиғаттың сыйы деп те айтуға болады. Сасатын түгі де жоқ. Барлық технологияны сақтасақ, мол өнім аламыз. Сондықтан әр сағатты пайдалана білу қажет. Әрине, бұл қажырлы еңбекті талап етеді. Алайда арты да жемісті болады. Алқаптарды аралап өттік, шығымы біркелкі, бұл жақсы көрсеткіш.

Шаруашылықтар жетекшілері де  бұл мәселе бойынша өз ойларымен бөлісті.

Владимир Очеретенко,  “Якорь СК” ЖШС директоры:
Біздегі 3 мың га алқаптың үштен бірі игерілді. Барлық талаптарды орындап жатырмыз. Әсіресе химикаттарды араластыру тәсілін кеңінен қолданып жатырмыз. Қажетті гирбицидтармен толықтай қамтамасыз етілдік.

Михаил Христевич, “Лесное” ЖШС директоры:
Арамшөп те, аурулар да бар, астықтың шығымы да жақсы. Бәрі орнымен жасалып жатыр деп айту әлі ерте. Жағдай тым күрделі. Қолымыздан келгенше зиянкестермен күресіп жатырмыз.  

Кездесу соңында облыс әкімі Серік Біләлов агроқұрылым жетекшілеріне арамшөпке қарсы дәрілеу науқанына жауаптылықпен қарап, уақыттан кеш қалмауды тапсырды. Сонымен қатар мал азығын дайындауды да ұмытпау керектігін еске салды.

Жеңіс Ермұқанов