Аумақтарды дамыту бағдарламасы

Билік

15:02 21 Маусым 2011

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жарлығымен 2009 жылғы 18 маусымда бекітілген бұл құжат егжей-тегжейлі қарастырылып, жарты жыл көлемінде дайындалды. Оның тізімінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, медициналық көмектің сапасын арттырту, туристік және білім беру саласын алға бастыру сияқты негізгі мәселелермен қоса, көптеген қосалқы бағыттар да бар.

Амандық Сейфуллин, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары:
– СҚО аумағының өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу және соның негізінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту -бағдарлама мақсаты болып табылады.

Бұл құжаттың бірегейлігі сол, бағдарлама ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамытып, өңірдің табиғи-ресурстық, әлеуметтік әлеуетін тиімді пайдалану негізінде жағдайды кезең-кезеңмен өркендетуге бағытталған. Демек, күтілетін нәтиже де айтарлықтай ауқымды. Жоспарға сәйкес еңбек өнімділігі алдағы жылдары 1,5 артып,  халықтың өмір сүру ұзақтығы 69,6 жылға дейін өседі. Жұмыссыздық 5 пайызға төмендеп, мемлекеттік тілді меңгеретін азаматтар саны 55 пайызды құрайды деп күтілуде.

Амандық Сейфуллин, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары:
– 2015 жылға қарай облыс экономикасын арттыру 2009 жыл деңгейіне қарағанда 20,7 пайыз болады деп жоспарлануда. Мыналар есебінен өсімге қол жеткіземіз: индустриялизациялау картасы жобаларын іске асыру, ауыл шаруашылығында озық технологиялар енгізу негізінде өндіріс көлемін арттыру.

Бағдарламаға республика мен облыс қазынасынан,сондай-ақ банк несиелері, ұйымдардың меншікті қаражаты есебінен 250 млрд теңге шамасында қаржы құю жоспарланған.

Кәусар Аяпбергенқызы

Бұдан әрі оқыңыз