Ауыл шаруашылығы

Танаптарды арамшөптен қорғау

 

 

 

 

Биылғы жылы жауын-шашынның көп түсуіне байланысты егіс алқаптарында арамшөп жаппай қаулап жатыр. Сондықтан күрес шараларын жүргізуге асығу керек дейді мамандар. Әрбір күнді тиімді пайдалану қажет. Үстіміздегі жылы бітік егін алу мүмкіндігі мол. Күзде жақсы өнімге қол жеткізу үшін облыстағы агроқұрылымдар химиялық өңдеу жұмыстарына мықтап кірісуі керек. Дәнді дақылдар ауруларына қарсы күрес жұмыстарын да уақытында қолға алған жөн. Септариоз, тат ауруларының даму мүмкіндігі зор дейді мамандар. Бұған қоса зиянкестер бар. Бүгінгі күні облыста жиырмадан астам фирма арамшөп, дәнді дақыл аурулары мен зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек жеткізеді.  Сөйтіп, осы күндері егіс алқаптарын химиялық өңдеуден өткізу – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алдында тұрған басты міндет.

Айымгүл Әбілева