Әр түрлі

Солтүстік Қазақстан облысының гербі

 

Облыстың елтаңбасы киіз үй формасында жасалған. Керегенің екі жағын астықты өлкенің басты байлығы – бидай масақтары көмкерген. Бұл – ертеден кәсіпке айналған егіншілік пен облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуының көрінісі. Төменгі тұсына қосылған тістегергі өңірімізде өнеркәсіптің алға басқанын айқын көрсетеді.

Андрей Попов, Петропавл қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
–  Елтаңбаның дәл ортасында қазақ мәдениетінің символы ретінде пырақты бейнеледім. Жалпы облысымызда жылқыны қолға үйреткен ең алғашқы мәдениет ошағы табылды. Қанатты тұлпар сондай-ақ облысымыздың қарқынды дамуының белгісі. Және оның астында облысымыздың картасы бейнеленген.

Облыс елтаңбасына жарияланған 2004  жылғы байқауда Андрей Михайловичтің осы еңбегі үздік танылып, өңіріміздің нышанына айналған болатын. Ал одан бір жыл бұрын қылқалам шеберінің тағы бір туындысы үздік деп танылды. Онда Андрей Попов Петропавл қаласы елтаңбасының авторы атаныпты.

Андрей Попов, Петропавл қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
Оны мен сақтардың қалқаны негізінде жасадым. Ортасындағы шаңырақтан 4 жаққа тараған уықтар қаламыздың 4 қақпасын көрсетеді. Бұл туындымда да аграрлы өлкеміздің белгісі бидай масақтары бар. Білім көзі кітапқа да орын табылды. Бізде дамыған ауыр машина жасау саласында  мұннан аңғаруға болады.  

Ал оң жақ төбесінде бейнеленген кілт Петропавл қаласының Қазақстанның солтүстік қақпасы екендігін білдіреді.

Жеңіс Ермұқанов