Мәдениет

Өнерпаздар ордасының түлектері сынақтан өтті

Гүлзада Дүйсенова мемлекеттік емтиханға 6 шығарма әзірлепті. Қазақ,орыс, итальян, неміс және т.б тілдерде әндерді үздік шырқаған қыз  комиссия мүшелерінің үлкен қошеметіне бөленді. Сахнада өзін еркін ұстап,  әнді орындар алдында еш қобалжымапты.

Гүлзада Дүйсенова, эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің түлегі:
– Мен сахнаға шыққанда өзімді шын көңілде, өзімді еркін сезінемін. Яғни ол менікі.  Сахна ол біздің жеке өміріміз, екінші үйіміз деп те атауға болады. Сондықтан да біз отырған халыққа, отырған мына қауымға өзіміздің шын жүректен, ішімізде қандай көңілдер бар, шын көңілде біз оны тыңдаушыларға жеткізуіміз керек.

Өнер колледжі түлектерінің кәсіби деңгейін ҚР  еңбегі сіңген әртіс Қанат Омарбаев бақылады. 10 күн бойы жастардың өнеріне тәнті болған профессор оқу ошағының ұжымына да, түлектеріне де жоғары баға берді.

Қанат Омарбаев, ҚР еңбегі сіңген әртіс, профессор:
– Менің ойымша, бұл колледжді бітірген оқушылардың сапасы өте биік деңгейде тұр. Ол ұстаздарға байланысты, ұстаздардың профессионалдық деңгейі өте биік. Сондықтан солардан білім алған оқушылар да жақсы дайындыққа келеді сол 4 жылда.

Алма Оспанова да өз шәкірттерін қолдауға келіпті.

Сынақта оқушыларының өнерін тамашалаған ұстаз үмітінің ақталғанына разы болды.

Алма Оспанова, ҚР еңбегі сіңген әртіс, профессор:
– Нәтижелер өте жақсы. Оқушыларым әріптесімнің алдында бетімді жерге қаратпағандары қуантады. Шәкірттерімнің кәсіби деңгейінің жоғары болғанынан өз еңбегімнің де жемісін көріп отырмын.

Биыл өнер колледжін 11 мамандық бойынша 45 түлек тәмамдайды. Олардың барлығы аттестациялау комиссиясының төрағасын шеберліктерімен таң қалдырған екен. Ендігі кезекте солтүстіказақстандық әнші жастар жоғары оқу орындарына түсіп, талантын дамытып, біліктілігін әрі қарай арттырамыз деп отыр.

Айдана Демесінова