Бизнес және экономика

«Алтын сапаға» әзірлік

 “Алтын сапа” сыйлығы Елбасының ұсынысымен 2006 жылдың қазанынан бастап белгіленді. «Қазақстанның үздік өнімі» атағын алу үшін конкурсқа ел көлемінде тұрмыстық, азық-түлік тауарларын, техникалық қолданыстағы өнімдерді тарататын әр заңды тұлға қатыса алады. Алайда, өз қызметі аясында айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетіп, көзге түскен кәсіпорындардың мүмкіндігі өзгелерінен басым болмақ.

 Василий Чепухин, техникалық реттеу және  метрология Комитеті облыстық департаментінің директоры:
–  Конкурста өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын, халық үшін өнім шығаратын үздік кәсіпорын, қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын деген номинациялар бар. Былтырғы жылдан бастап әр аталымға 2 сыйлықтан беріледі. Оған қоса «Үздік инновациялық жоба» деген номинация бар.

Дөңгелек үстелге 20-ға жуық кәсіпорын өкілдері мен сарапшылар комиссиясының мүшелері қатысты. Сайыс шарттары биыл жылдағыдан өзгеше болғандықтан сарапшылар үміткерлерге жаңа талаптарды түсіндіріп өтті.  Жыл өткен сайын байқауға қатысуға ниет танушылардың қатары артып келеді. Соған сәйкес конкурстың шарттары молайып, күрделене түсті. Биылғы жылдың үздік тауарлары қараша айының 2-ші  бейсенбісінде, Халықаралық сапа күнінде белгілі болмақ.

 Василий Чепухин, техникалық реттеу және  метрология Комитеті облыстық департаментінің директоры:
–  Конкурста өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын, халық үшін өнім шығаратын үздік кәсіпорын, қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын деген номинациялар бар. Былтырғы жылдан бастап әр аталымға 2 сыйлықтан беріледі. Оған қоса «Үздік инновациялық жоба» деген номинация бар.

 Кәусар Аяпбергенқызы