Спорт

Самбошылар сайысы

 

Дәстүрлі турнирге әр ауданның полицейлері жиылды. Барлығы 70-тен астам қатысушы. Талап қатал – олардың әрқайсысы самбоның айла-тәсілдерін шебер қолданып, өз салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермеуі тиіс.

Виктор Денисенко, халықаралық санаттағы төреші:
– Бұған дейін спартакиада өткен болатын. Ал бүгінгі жарыста қосымша іріктеу жасамақпыз. Екі жарыстың қорытындысы бойынша үздіктерді анықтайтын боламыз.

Айдар Қалижановты бұл жарыстың ардагері деуге де болады. Ол аталмыш турнирге 16 жыл қатарынан қатысуда.

Айдар Қалижанов, жарысқа қатысушы, Тимирязев ауданы:
– Өзім 15ші рет осы жарысқа қатысып отырмын.  Төрт рет республикаға бардық. 2003 жылы үлкен нәтиже көрсетіп, біздің облысымыз -ші орынды иеленді Ақтау қаласында.

Ал Жасұлан Хұсаиновтың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне 10 жылдай уақыт болған. Ол осы аралықта аталмыш жарысқа талай қатысыпты. Жетістіктері де баршылық.

 Жасұлан Хұсаинов, жарысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:
– Бұрын да самбодан қатысқанмын. Екінші,үшінші орындарды алғанмын. Қазақша күрестен облыста екінші орын алдым.Осы жарыс жақсы өтсін.

Жарыс екі күнге созылады. Додада топ жарып шыққан 8 қатысушы тамыз айында Қарағанды қаласында өтетін республика чемпионатына жолдама алмақ.

Инеш Шоқақова