Ауыл шаруашылығы

Егіс аяқталды

 

 

 

 

Өңіріміздің барлық аудандары селекторлық байланысқа шықты. Астық егу жұмыстары толығымен аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұрлан Биболаевтың айтуынша, биылғы науқанда жауын-шашын шамадан тыс түскен. Табиғаттың бұл мінезі қолбайлау болған кейбір шаруашылықтарға дән сіңіру жұмыстарын мерзімінен шегеруге тура келіпті. Өңір агроқұрылымдары ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы ғалымдарының кеңесімен бұл қадамға барған екен. Негізгі іс тындырылды, ендігі қалған мәселе арам шөппен күресу. Мамандар егіннің шығымы біркелкі дейді. Алайда кейбір алқаптарды өңдеу жұмыстары әлі қолға алынбапты. Мәселен, Мамлют ауданында әзірге 616 га, Аққайыңда 16 мың га егіс алқабы химиялық өңдеуден өтті. Соңғы аталған ауданда бұл жұмыстарды атқаратын техниканың 33 пайызы ғана дайын. Өңір жетекшісі аудан басшыларынан мал азығын дайындау жұмыстарын да сұрап білді. Бұл іске алғашқылардың бірі болып тек Ақжар мен М. Жұмабаев ауданы кірісіп кетіпті. Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша Серік Біләлов аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жеңіс Ермұқанов